Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жылу бағасы арзандайды

2019-10-03 1163
 



Жылу бағасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арзандайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындар үшін жылу тарифі 4,7 пайызға арзандап, 1 Гкал үшін 2759,57 теңге болып есептеледі. Ал бұрын 1 Гкал 2 895,55 теңге болды. Сонымен қатар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ыстық бағасы да арзандап, 1 текше метрге 222,5 теңге болады. Жылу беру маусымы аяқталғанда 1 текше метр ыстық су 178,02 теңгені құрамақ. Бұл қазіргі тариф құнынан 4,3 теңгеге төмен», - деп хабарлады Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокурор Жасұлан Дәулембаев.