Ақтөбе облысының жаңалықтары

Полиция қызметкері өзіне сыйлық берген жүргізушіні ұстап берді

2019-10-02 1165


Ішімдік ішіп, көлік жүргізген ақтөбелік 5 мың теңге аударып, алғыс айтқаны үшін 505 мың теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Полиция қызметкері Әсет Зайнуллин Lexus көлігін тоқтатып, ішімдік ішкен жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырған. Кейін сол көлік жүргізушісі полиция қызметкерінің телефон нөмірін тауып алып, алғыс айтып, 5 мың теңге аударып жіберген. Ақша аударымын суретке түсіріп, растау үшін полиция қызметкеріне берді. Заң бұзған жүргізушінің бұл әрекеті шектен шығып, Әсет Зайнуллин Ақтөбе облыстық полиция департаменінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлады.
«Әкімшілік жазадан құтылып кетуді ойлаған жүргізушінің ісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне түсті. Сыйлық бергені үшін жүргізушіге 200 АЕК, яғни, 505 мың теңге айыппұл салынды», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.