Ақтөбе облысының жаңалықтары

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

2019-10-02 1171


Әнші Димаш Құдайбергеннің «Біл» (Знай) әніне жазылған жаңа бейнебаяны жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әншінің жаңа клипін өзінің жеке YouTube арнасынан тамашалауға болады.

https://youtu.be/nIJfrMFiTXw

Айта кетсек, бұған дейін Димаш «Біл» (Знай) әніне жазылған жаңа бейнебаянның релизі жариялаған болатын. Клип Исландияда түсірілген.

«Исландиядағы видео кадрлары. Команданың барлық мүшесі малмандай су болды. Бірақ бұл оған тұрарлық. Режиссер Алан Бадоевке кәсібилігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Шынымен де ол видеоны нағыз суретшідей түсіретін режиссер», - деді әнші.