Ақтөбе облысының жаңалықтары

16 жастағы жасөспірім абақтыға қамалды

2019-10-02 1182


Шалқарда қатарласының жүрегіне пышақ сұққан жасөспірім тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Үкім бүгін Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды.

Сот қылмыстық жаза тағайындау кезінде сотталушының кәмелетке толмағанын, кінәсін ішінара мойындап, өкінетінін, жақсы мінезделетінін, және соттылығы жоқтығын ескерді. Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот үкімімен 16 жастағы жасөспірім ҚР ҚК-нің 99 бабының 2 бөлігінің 14- тармағымен кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді. Сотталушының заңды өкілінен материялдық залал ретінде 1,6 млн теңге, моральдық зиян ретінде 3 млн теңге өндіру міндеттелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.