Ақтөбе облысының жаңалықтары

Илон Маск Ай мен Марсқа экипажбен ұшатын ғарыш кемесін көрсетті

2019-09-30 1409


SpaceX компаниясының жетекшісі Илон Маск Ай мен Марсқа экипаж алып ұшатын Starship ғарыш кемесін таныстырды. Кеме келесі айларда алғашқы сынақтан өткізіледі, деп жазады Азаттық.

Масктың сөзіне қарағанда ғарыш кемесі көп рет ұшуға арналған. Әуелі 20 километрге жуық биікке көтеріледі, ғарышта бір ай жүріп жерге оралады.

https://twitter.com/SpaceX/status/1178123102569598976?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1178123102569598976&ref_url=https%3A%2F%2Fwww.azattyq.org%2Fa%2F30190664.html

Илон Масктың жоспары бойынша, 2025 жылы ғарыш кемесі Марсқа ұшып тәжірибе жасайды. Ғарыш аппараты жүзге жуық адам мен 150 тонна жүк көтере алады, сондықтан Ай мен Марста қала салуға да мүмкіндік бар. Мұндай ақпарат SpaceX компаниясының твиттерінде жарияланды.

Бұған дейін миллиардер, өнер коллекционері Юсаку Маэдзава осы ғарыш кемесінің алғашқы жолаушысы болатыны, ғарыш турисі ретінде Айды айналып шығатыны хабарланған.