Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ауғанстанда президент сайлауы өтіп жатыр

2019-09-30 1284


Ауғанстанда президент сайлауы өтіп жатыр. 34 провинцияда ашылған бес мың сайлау учаскесінің қауіпсіздігін 72 мың сақшы бақылап отыр, деп хабарлайды Азаттық.

Бұған дейін "Талибан" экстремистік ұйымы сайлау күні шабуыл жасайтынын мәлімдеп, қоқан-лоқы жасаған. 35 миллион тұрғыны бар Ауғанстанда 9,6 миллион адам сайлау учаскесіне тіркелген.

Сайлауға 15 кандидат қатысқанымен негізгі тартыс 2014 жылғыдай президент Ашраф Ғани мен атқарушы билік тармағының жетекшісі Абдулла Абдулла арасында болуы мүмкін.

Пуштун тайпасынан шыққан, батыста білім алған технократ Ғани бұрын қаржы министрі болған. Ал Абдулланың мамандығы - офтальмолог дәрігер, бұрын тәліптермен күрес жөнінде Солтүстік альянс жұмысына араласқан, этникалық тәжіктер арасында қолдауға ие. Өзге кандидаттар арасында барлау қызметінің бұрынғы бастығы Рахматулла Нәбіл, бұрынғы қорғаныс министрі Гүлбеддин Хекматияр бар.

Тәуелсіз сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаудың бастапқы қорытындысы 19 қазанда жариялануы тиіс. Егер кандидаттар қажетті дауыс ала алмаса, сайлаудың екінші кезеңі 23 қараша өтеді.