Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жеңіл атлетикадан ӘЧ: Рекорд орнатқандар 100 мың доллармен марапатталады

2019-09-27 1297


Бүгін, яғни 27 қыркүйек күні Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алауы жағылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, әлемдік додаға 205 мемлекеттен жалпы есебі 3500 атлет қатысады.

«Спорт падишасы» саналатын жеңіл атлетикадан әлем біріншілігінде 47 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ, жүлделі орындар үшін ірі көлемде ақшалай сыйлықтар бекітілген.

Халықаралық жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығы (IAAF) әлемд чемпионатының жүлде қоры 7,53 миллион доллар екенін мәлімдеді. Жекелей сында жеңіске жеткен спортшылар 60 мың долларға иелік етеді. Екінші және үшінші орын алған атлеттер тиісінше 30 және 20 мың доллар сыйға тартылмақ. Ал әлемдік рекордты жаңартқандарға 100 мың доллардан бөлінеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жеңіл атлетикадан әлем біріншілігінде қазақстандық атлеттердің жарыс кестесін жариялаған болатынбыз. Сондай-ақ, біріншілікте Қазақстан намысын кімдердің қорғайтыны белгілі болған еді.