Ақтөбе облысының жаңалықтары

Германияда 8 жастағы бала көлікті айдап кетіп, 140 км/сағ жылдамдықпен жүрген

2019-08-22 2165


Германияда сегіз жасар бала ата-анасының Volkswagen Golf автомобилін айдап кеткен және күре жолда 140 км/сағ жылдамдықпен жүйткіген, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Баланы анасы Дортмунд бағытындағы А-44 көлік жолының жиегінен тапты. Бүлдіршін белгі беретін жарықты қосқан әрі көліктің артына ескерту белгісін іліп қойған. Ол өзін тапқан полицейлерге «аздап қыдырып көргісі келгендігін» айтқан.

Баласының жоғалғандығын полицейлерге сәрсенбіге қараған түні анасы хабарлаған. Оның айтуынша, бүлдіршін Зоест қаласына кеткен. Бұдан бұрын ол жекеменшіктегі аумақта, сондай-ақ аттракционда бірнеше рет көлік жүргізген болып шықты.