Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жамбылдық құрылысшылар Арыстағы 300 үйді пайдалануға берді

2019-08-14 2248


Жамбылдық құрылысшылар Арыс қаласындағы 300 үйді жөндеп, пайдалануға беріп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлінген болса, Жамбыл облысына 3-ші сектордағы 11 көшеде орналасқан 312 жеке тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүктелген.



Бүгінде облысқа тиесілі бөліністегі орналасқан 312 жеке тұрғын үйдің 2-уі қайта соғылып жатыр. Қалған 310 тұрғын үйдің 300-інде жөндеу жұмыстары аяқталып, 12 тұрғын үй бойынша қалпына келтіру шаралары атқарылуда.



3-ші сектор бойынша Жамбыл облысынан 4 құрылыс компаниясы, 10 технадзор оның 5-уі Түркістан облысы әкімдігі тарапынан және 500-ге жуық құрылысшы, 20 техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұған дейін Арыс қаласының 423 баласы Жамбылдағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалған. Қазіргі таңда арыстық 25 бала жазғы демалыстарын өңір лагерінде қызықты өткеруде.