Ақтөбе облысының жаңалықтары

Лондонда жасөспірім галереяның шолу алаңынан баланы лақтырып жіберді

2019-08-05 2633


Лондон полициясы алты жасар ұлды өлтірмекші болған күдіктіні – 17 жастағы жасөспірімді ұстағаны туралы хабарлады. Күдікті осы демалыста Британия астанасындағы «Тейт Модерн» галереясының шолу алаңында баланы бір жарым метрлік қоршаудан асырып лақтырып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Британия жаңалықтар агенттігінің дерегі бойынша, баланы жексенбі, 4 тамызда «Тейт Модерннің» 10-қабатында орналасқан шолу алаңынан тастап жіберген. Бүлдіршін бесінші қабаттың шатырынан табылып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Адам өлтіруге оқталған 17 жастағы жасөспірімді көру алаңында галереяға келгендер ұстап алған. Кейін оны полиция қызметкерлері тұтқындады.

Полицияның мәліметінше, күдікті мен зардап шегуші таныс болмаған. Оқиға кезінде 6 жасар ұл әлемге танымал көркем галереяда отбасы мүшелерімен бірге жүрген. Куәгерлер шолу алаңына құлаған баланың анасының: «Менің ұлым, бұл менің ұлым», - деп айғайлаған дауысын естіген.

Полиция күдіктіні ұстағанға дейін галереяға келушілер іште болған.

«The Guardian»-ның ақпаратына сәйкес, 2018 жылы «Тейт Модерн» галереясы Ұлыбританияның туристер арасында ең танымал көрікті орындарының бірі болған. Оған 5,9 млн адам келген.