Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбе облысы Астананың бас алаңында құны 1 млрд теңге болатын "Бейбітшілік қабырғасын" тұрғызады

2018-04-20 20048

Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Астананың 20 жылдығына орай Елорданың бас алаңында "Бейбітшілік қабырғасының" тұрғызылатынын жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.


Облыс басшысының айтуынша, жаңа нысан Тәуелсіздік Сарайы мен "Шабыт" өнер университетінің арасында бой көтермек.

"Оған бюджеттен қаражат жұмсалмайды. Барлық шығынды Ақтөбе өңірінде жұмыс істейтін кәсіпорындар мен кәсіпкерлер көтереді", - деді Бердібек Сапарбаев.