Қазақстан

Байғанин ауданында үш ер адамның денесі табылған қыстақтың иесіне қатысты іс қозғалды

Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округінде үш адамның өлі денесі табылған болатын. Ішкі істер органдары бүгінде аталған елді мекендегі қыстақтың иесіне қару-жарақты дұрыс сақтамағаны үшін қатысты қылмыстық іс қозғап отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz. Естеріңізге  сала кетейік, осыдан шамамен бір жарым ай бұрын оқ жарақатынан көз жұмған үш ер адамның денесі табылған болатын. Тәртіп сақшылары бірнеше күннің ішінде 42 жастағы күдіктіні қолға түсіріп, қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда. Мұхит Әлжан, Aktobenews.kz фото: sakhapress.ru

Сколиозға шалдыққан 14 жастағы ақтөбелікке Оңтүстік Кореяда тегін ота жасалды

Сколиоздың ауыр түріне шалдыққан 14 жастағы ақтөбелік Дәурен Құстановқа Оңтүстік Кореяда тегін ота жасалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz облыстық «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасап. Құны бірнеше миллион тұратын бұндай ота оңтүстіккореялық «Кангнам Северанс» клиникасы мен облыстық әкімдік арасындағы екі жақты меморандум аясында жасалып отыр. Қарғалы ауданының орталығы Бадамшада тұратын Дәурен Құстанов туабітті сколиоз, яғни омыртқа жотасының қисаю дертіне шалдыққан. Бірнеше жылдан бері тіркеуде тұр. Жергілікті дәрігерлер ем-дом жасағанымен нәтиже бермеген. Себебі сырқаттың

Димаш Құдайберген «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және қытай тілінде орындады

Қытайдың «Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген оныншы кезеңде О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз әні «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және қытай тілінде орындап, үшінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 10 кезеңнен тұратын байқаудың іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Жобаның бастапқы үш әншісі Д.Құдайберген, Lion және Sandy ақтық сынға тікелей жолдама алды. Ал 23 наурыз күні болып өткен «жұбату» бәсекесіне байқаудан шығып қалған 10 әнші

Ақтөбеде "ЭКСПО-2017" көрмесіне билеттер сататын ресми касса ашылды

«ЭКСПО-2017» халықаралық арнайыландырылған көрмесін насихаттау мақсатында Ақтөбе облысын ЭКСПО-2017-нің ресми серіктестері «SkyWay» туроператоры жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Aktobenews.kz «Ақтөбе ақпарат» орталығына сілтеме жасап. Соған орай Ақтөбе қаласы мен барлық аудандардағы кәсіпорындарда, мектептер мен колледждерде, ЖОО-да, медициналық мекемелерде  кездесулер өтті. Кездесу барысында көрменің тұсаукесері жасалып, көрмеге қатысушы елдер, ұлттық жəне инновациялық павильондар, жұлдыздардың қатсуымен өтетін ауқымды шаралар , сонымен қатар ЭКСПО-2017-нің атынан ресми билеттер мен турпакеттер бойынша арнайы  ұсыныстар   туралы толыққанды ақпараттар берілді.

Қытай елшісі: Қытайлықтар Димаш арқылы Қазақстанды таныды

Бүгін Астанадағы баспасөз мәслиxатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьxуэй Димаш Құдайберген туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Aktobenews.kz сайты egemen.kz газетіне сілтеме жасап. «Димаш — Қазақстан үшін үлкен бонус. Мен сіздерді оның жеңісімен құттықтаймын. Негізінен, Хунан телеарнасы Қытайдың ең танымал арналарының бірі. Ондағы бағдарламаларға көбіне танымал адамдар қатысады. Бірақ, шетелдік жұлдыздар өте сирек шақырылады. Ал Димаштың жеңісі — үлкен жетістік. Оны қытайлықтар, әсіресе жастар өте қатты

Ақтөбеде бұзақылардың қолынан қаза болған кафе қызметкерінің артында төрт баласы қалды

Ақтөбеде 21 наурыз күні Жилянка ауданында орналасқан «Достар» кафесінде төбелес болды. Есепшот айырысу кезінде жанжал шығарған меймандар əкімшілік қызметкерін жазым қылған. Бұзақылар қолынан қаза тапқан кафе қызметкерінің денесі кеше жер қойнына берілді. Артында төрт баласы қалған. «Жағдайды бұлай қалдырмаймын. Арыстай баламды өлтірді. Бəрі де заң алдында жауап беретін болады. Баламды жерлеп, садақасын өткізгеннен кейін сотқа шағым түсіремін. Артында есін білмейтін төрт баласы қалды. Үлкені бірінші класс оқушысы. Бұл балалардың көз

Қоғам мен билік байланысы зиялылар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуде сөз болды

Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаев Наурыз мейрамы қарсаңында ардагерлер, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым басшыларымен кездесіп, жастар тәрбиесі, билік пен қоғам арасындағы байланыс тақырыбында кеңес өткізді. Қоғамдағы келеңсіздіктер –адамершілік құндылықтар әлсіреп, адамдар арасында тоғышарлық, масылдық көбейді, қоғамдағы тепе- теңдіктің сақталуы үшін қоғамдық институттар бірлесе жұмылып, ел ішіндегі түйткілді мәселелерді шешуге жұмылуы тиіс. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Ербол Нұрғалиевтің хабарлауынша, жастар арасындағы күрделі мәселелер – суицидтің көбеюі, ауыр