Қазақстан

Азық-түлік бағасы қымбаттап кетті

Ақтөбе облыстық статистика басқармасы бағасы өскен азық-түлік өнімдерінің тізбесін жасады. Мамандар сауда орындарында жеміс-жидек пен көкөніс бағасының көтерілгенін хабарлайды. Оның себебі жеткізілімге байланысты болуы мүмкін деп түсіндірілді. — Сатылымға жылыжай өнімдерінің келіп түсуіне байланысты қияр 56,7 пайызға, қызанақ 34,4 пайызға көтерілгенін байқадық. Соныман қатар, тәтті бұрыш 28,4 пайызға, картоп 9,6 пайызға, жұмыртқа 15,4 пайыз, жүзім, 7,8, банан 5,1 пайызға қымбаттап отыр. Ал, лимон 5,8 пайызға, алма 2,8 пайызға, макарон өнімдері

Ақтөбеде әйелдерді отбасылық жанжалдан қорғайтын ұйымдар бар

Отбасылық жанжалдан үнемі зардап шегетін әйелдер өздерін қорғайтын қоғамдық ұйымдардың барын біле бермейді. Ақтөбеде әйелдерге ақпарат беру үшін «Зорлық — зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, «Әйелдерді қолдау орталығының» психологтары, Батыс Қазақстан медиация орталығының медиаторлары, Аналар үйі, дағдарысқа қарсы орталықтар және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұл акцияға атсалысып, мамандар өздеріне жүгінген жандарға кеңес берді. «Үйде жұдырықтың құрбаны болып жүрген

Хромтаулық компаниялар 17 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қайырымдылық акциясының аясында хромтаулық компаниялар 17 млн. теңгеге көмек көрсетті. Аудан аумағында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер, ірі кәсіпорындар аз қамтылған 398 отбасыға қол ұшын созды. «Актеп» ЖШС өкілдері Қопа ауылының тұрғыны Серік Бекеновке 200 мың теңгеге сертификат табыстады. Бұл қаражатты ол үйінің шатырын жөндеуге жұмсамақ. «Алтын дән» компаниясынан 150 мың теңгені Амангелді Ыбыраевтың отбасы алды. Отбасы қысқы отын сатып алмақ. Ал «Ақжар Агро» және «ҚазПромСтройГрупп» компаниялары

Ақтөбеде тәжірибесі жоқ мамандар үшін жұмыс табу қиын

47 мекеме, 471 бос жұмыс орнын ұсынды. Атөбеде жұмыссыздардың жәрмеңкесі өтті. Ұсынылған бос жұмыс орындарының барлығы дерлік бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар. Әсіресе, білім, денсаулық, құрылыс және қызмет көрсету саласы бойынша бос орындар көп болды. Бұған дейін 9 мәрте өткен жәрмеңкелерде өзіне тұрақты жұмыс тапқандар көп екен. — Кейде бізге қала тұрғындары ренжіп жатады. «Жәрмеңкеге бардық, жұмыс тапқан жоқпыз» деген шағымдарын жиі естиміз. Шынын айту керек, заңгерлер, экономистер, қаржыгерлер,

Өнерлі 10 жұп отбасы құндылықтарын насихаттады

Ақтөбе қаласының әкімі сахнада жүрген өнерлі отбасыларды марапаттады. Ел тәуелсіздігінің  25 жылдығы қарсаңында өңірімізде «Отан-отбасынан басталады» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Ел алдында жүрген азаматтардың ішінен таңдалған үлгілі 10 отбасы өз өнерлерін көрсетті. — Мұндай шаралардың барлығына Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.  Ел ертеңі әр отбасына байланысты. Біз тәрбиелеп отырған балалар ертең елдің болашағына үшін еңбек ететіндер. Сондықтан, балаларымызды тірбиелі, иманды етіп өсіруіміз керек. Отбасындағы қарым-қатынас қандай болса, сыртпен байланыс та сол

Ақтөбеде мектеп ата –аналары  «WhatsАpp» желісіне жазған сөздері үшін сотқа жүгінді

Әлеуметтік желідегі тіл тигізуге ашуланған тұрғын 200 мың теңге моральдық шығын талап еткен. Ақтөбе қалалық сотына мектеп ата-аналарынан шағым түсті деп хабарлайды облыстық сот қызметі. Талап қоюшының арызында жауапкердің «WhatsАpp» мессенджері арқылы мектеп оқушыларының ата-аналары құрамына арналған топта ар-намыс, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұмат таратқанын жазған. Өзіне моральдық залал келтірілгенін айтқан тұрғын жауапкерден 200 000 теңге өндіруді сұраған. Қалалық сот К және Б есімді ақтөбелік тұрғындарға қатысты ар-намыс, қадір-қасиет

«Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері таныстырылды

Бүгін, 2 желтоқсан күні «Ақтөбе» футбол командасының жаңа бапкері таныстырылды. Команданың ендігі жаттықтырушысы украиналық маман Игорь Рахаев болды. Игорь Владимирович 1973 жыл 26 мамырда дүниеге келген. Ол Украинаның футбол тарихында күміс, қола жүлделерді иеленген. Украиналық футболшы 2002 жылдан бері бапкерлік қызметте жүр. Ол Харьков мемлекеттік дене шынықтыру академиясын тәмамдаған. Бас бапкердің мансабы: 2002-2005 – «Арсенал» (Харьков) ( бас тренер) 2005-2014 – «Металлист» (Украина) (тренер) 2014-2015 – «Металлист» (Украина) (бас тренер)