Басты жаңалықтар

Ақпараттық топ аудан тұрғындарының денсаулығын тексеріп, кәсіп ашуға, жұмысқа тұруға көмектесті

Ақтөбе облысының әлеуметік-экономикалық проблемалар шешу үшін келген арнайы топ Алға, Шалқар, Мұғалжар аудандарына барды. Еліміздің медицина саласындағы ғылыми-зерттеу институтынан, ғылыми орталықтарда қызмет ететін 20 жетекші маманнан тұратын дәрігерлік топ балалар мен ересектерді қабылдады. Бұл акция облыстың бес ауданында өткізіледі, оған Астана мен Алматыдан алма-кезек келетін 80 маман қатыспақ. Ғылыми орталықтар мамандары Алға аудандық ауруханасының есмханасында халыққа кеңес беру-диагностикалық қызметін көрсетеді. Әзірге 1329 алғалық қабылдауға келді, олардың 501-і балалар. Осы қаралғандардың

Астанадан келген теологтар базарда тұратын намазхандармен кездесу өткізіп жатыр

Ел тыныштығын сақтау мақсатында облыс аумағында жұмыс істеп жатқан насихаттық топ бірнеше ауданда болып үлгерді. Имамдар мен теологтардан тұратын топ Ақтөбеде халық көп шоғырланған Алға, Шалқар аудандарына барды. Олар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жекелеген кездесулер өткізіп жатыр. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ресми сайты насихат тобының базар жанында сауда жасайтын намазхандармен де кездесу өткізгенін хабарлайды. Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға кезінде күдіктілердің дені осы базарлар жанында сауда жасайтындар екенін айтылған болатын.

Атақты Кейкі батырдың бас сүйегі Мәскеуден Қазақстанға әкелінді

Кейкі батырдың бас сүйегі бүгін таңғы сағат 04:50-де Мәскеуден арнайы бортпен елордаға жеткізілетінін естігендер Астанадағы халықаралық әуежайға жиналды. Алайда, бас сүйектің бұл уақыттан бұрын арнайы рейспен жеткізілуіне байланысты жиналған қауым оны салтанатты түрде қарсы ала алмады. Бұл туралы NUR.KZ ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады. «Біздің естіген ақпаратқа сүйенсек, батырдың бас сүйегі арнайы рейспен келіп жатыр. Осы орайда еліміздің танымал ғалымы, белгілі этнограф, профессор Нұрсан Әлімбай Ресейде бас сүйекті қабылдап

Елбасы Ақтөбе облысы басшылығының ұсынысын қолдады

«Еуразиялық кеңістіктегі көлік-логистикалық әлеуеттік дамуы» тақырыбындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың XIIІ форумында екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен жұмыстар Жоспарына қол қойды. Форум барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев екі мемлекеттің басшылары алдында жедел шешімін табуға тиіс бірнеше мәселені көтерді: — Екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасы деңгейін арттыру, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің әлеуетін толық пайдалану үшін Ресей тарапынан осы жолдың

Арнайы топ 1600-ден астам адамға кеңес берді

Өңірде 1600-ден астам адам Ақтөбе облысының әлеуметік-экономикалық проблемалар шешу үшін келген арнайы топтың көмегі мен кеңесін алып үлгерді. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығы хабарлап отыр. Еске салсақ, Елбасы тапсырмасына сәйкес, қыркүйектің 29-ынан бастап облыс аумағында орталық мемелкеттік органдардың және сарапшылық қоғамдастықтардың 200-ден астам маманы жұмыс жасап жатыр. Топ өкілдері аудандарда күн сайын тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдауда. Бүгінгі күнге дейін жұмыс тобының мүшелері Мұғалжар және Алға аудандарында болды. Мұғалжар ауданында

Ақтөбеде антитеррорлық оқу-жаттығу өтіп жатыр

Терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб күштерінің дайындығы тексерілді.  Ақтөбедегі антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары облыстық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында өтті. Абай даңғылындағы қозғалыстың жабылып, қаруланған арнайы жасақ қызметкерлерінің топталып жүргенін көрген халық шошып қалды. Бірақ, полиция қызметкерлері халықты дүрлікпеуге шақырады. Тұрғындарға сабырлық сақтап, дүрлікпеуді өтінеміз. Қалада террорлық актінің жолын кесу мен оның салдарын жою бойынша антитеррорлық оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Штаб қызметкерлері мен олардың құрал-жабдығының дайындығы тексеріледі,- деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы ақтөбеліктерге 318 пәтер беріледі

Ақтөбеде Қазақстанның ипотекалық компаниясы желісі бойынша қазанның жетісі мен он төрті аралығында баспанаға құжаттар қабылданады. Талапкерлер құжаттарын электрондық нұсқада ғана тапсыруы тиіс. Қазақстан иппотекалық компаниясының тұрғын үй бағдарламасы бойынша «Батыс-2» шағын ауданынан 318 пәтер беріледі. Оған тек көп балалы, толық емес отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, мемлекеттік, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, әскерилер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектер үміткер бола алады. Яғни, бағдарлама талабы бойынша баспана кезегінде тұрғандардың өтініштері