Басты жаңалықтар

Ақтөбедегі су тасқыны: əкімдер ұйқысыз, ауыл тұрғындары сусыз отыр

Облыс əкімдігінде өткен жиын кезінде тікелей трансляция арқылы қосылған аудан əкімдері ауылдағы жағдайды баяндады. Кезектесіп сөз алған əкімдер мал-жанның аман екенін  жəне тұрғын үйлерге су кірмегендігін жеткізді.  Қарғалы «Су жайылып кету қаупі бар жерлер бітелді. Су жолдары өз қолымызбен бөгелді. Су тасқыны кезінде 80 адам, 25 техника жұмылдырылды. Адам аман, материалдық шығын болған жоқ. Бір үйді де су басқан жоқ. Су шарбаққа дейін жеткен жағдай болды, үйге кірген жоқ», —

Облыс басшысы су астында қалған үйлерді тонауға жол берілмейтінін айтты

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев құқық қорғау қызметкерлеріне тəртіпті қатаң бақылауды тапсырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Күндіз-түні күзетіп, тонауға жол бермеу керек. Өздері қиналып жүрген адамдардың заттары ұрланса, ертең одан да қиын болады», — деді облыс əкімі. Қазіргі күні су басқан аумақтарға тəртіп сақшылары жұмылдырылған. 57 бау-бақша аумағында 21 полиция бекеті жұмыс істеп тұр. Су тасқыны кезінде жайбырақаттықтан студент қыз үш күн бойы суға кеткен үйінде қалып қойған. «Біздің адамдардың

Алты баласы бар отбасы су тасқыны кезінде баспанасыз қалғандарды паналатып отыр

Ақтөбе қаласының тұрғыны Әлімбай Смағұлов су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған бір отбасыны паналатып отыр. Үйінің кілтін де беріп қойыпты. Тұрмыстық бұйымдармен, күнделікті тұтынатын заттармен де қамтамасыз еткен.  Қоңырау шалып хабарласқанымызда кейіпкеріміз: «Алланың разылығы үшін істедім. Қайырымдылықты жария еткім келмейді» деп қарсылық білдірді. Дегенмен, біз адамның адамгершілігі, имани қасиеттері сынға түсер қиын-қыстау кезде жасаған ізгі амал-әрекетінің ел-жұртқа өнеге екенін айтып, әңгімелесуге әрең көндірдік. Сөйтіп, Мәскеу шағын ауданында тұратын Әлімбай Смағұловтың үйіне

Светлана Айтбаева Димаштың алдағы күндерге жоспарларымен бөлісті

Димаш Құдайберген алдағы аптада елге оралады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Анасы Светлана Айтбаеваның айтуынша, әншінің Бейжіңде әлі аяқталмаған шаруалары бар екен. «Айдың аяғына дейін Қазақстанға оралуы керек. Келген соң аз уақыт тынығып алады. Содан кейін оқуын жалғастырады», — дейді таяуда Қытайдан оралған Светлана Айтбаева Aktobenews.kz тілшісіне берген сұхбатында. Әншінің айтуынша, Димаш пен Хунань телеарнасы арасындағы келісімшарттың мерзімі де аяқталып келеді. Светлана Айтбаева елге орала сала Ақтөбедегі жағдайға алаңдағанын айтады. «Қытайда

Б. Сапарбаев: "Зардап шеккендердің бірде біреуі көмексіз қалмайды"

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмектесуге уәде берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыс басшысы өңірде болып жатқан жағдайға байланысты қысқа мерзімді еңбек демалысын үзген болатын. Бүгін ол Махамбет, Кірпішті ауылдары мен бау-бақша ұжымдарының  ағымдағы жағдайымен танысып, Елек, Сазды өзендерінің сағасын қарап шықты. Бердібек Сапарбаев саяжай алқаптары тұрғындарын тыңдап, үйлерін аралап шықты. «Жағдай оңай емес. Бұл тек Ақтөбеде ғана емес, Қазақстандағы бірнеше өңірлерді де айналып

Бердібек Сапарбаев су басқан саяжай тұрғындарының мұңына құлақ асты

Еңбек демалысынан оралуға мәжбүр болған Бердібек Сапарбавев бүгін Ақтөбеге келе салысымен Махамбет ауылын аралауға кірісті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Әкім келерден бұрын аталған ауыл тұрғындары құзырлы орындарға өкпелі екендіктерін жеткізді. Олардың пайымынша, бірнеше күннен бері тек суретке түсіріп жүрген әкімдік пен құзырлы басқарма қызметкерлері тек есеп үшін жұмыс істеп келеді. «Біз саяжайда еріккеннен тұрып жатқан жоқпыз ғой. Ауылдан келіп, осында жер алып, үй тұрғыздық. Қанша уақытымыз кетті. Ал, енді бір

Ақтөбе облысының әкімі өңірде болып жатқан жағдайға байланысты қысқамерзімді еңбек демалысын үзді

Бүгін Бердібек Сапарбаев Махамбет, Кірпішті ауылдары мен бау-бақша ұжымдарының  ағымдағы жағдайымен танысып, Елек, Сазды өзендерінің сағасын қарап шығады. Сонымен қатар, өңір басшысы №40 және Қарғалы орта мектептеріне уақытша орналастырылғандардың жағдайын білмек. Тасқыннан зардап шеккен халықтың негізгі бөлігі осында. Күннің екінші жартысында облыс әкімі қарғалы, Сазды, Ақтөбе су қоймаларын тексереді. Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың жарлығымен жергілікті  деңгейдің табиғи сипаттағы төтенше жағдайы жарияланған болатын. Өңірде  саяжайлардағы 597  үй