Басты жаңалықтар

Ақтөбеде букмекерлік кеңсені тонаған қарақшылар ұсталды

Көктем мезгілінде белгісіз біреулер букмекер кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасап тонап кеткен болатын. Қазіргі таңда күдіктілер ұсталып сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласының Шайкенов көшесінде болған қылмысты әрекет кезінде екі күдікті 120 000 теңге мен кассирдің сөмкесінде болған 50 000 теңгені қорқыту арқылы алып кеткен. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен қаланың екі тұрғыны ұсталып жауап алынып жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі

Ақтөбелік педиатр: Аурудың барлығын сатып алып жатырмыз

Ақтөбелік дәрігер ата-аналарға бала тамағына сақ болуды ескертеді. Отыз жылдан аса балалар дәрігері болып жасаған Несібелі Қарымсақова тез дайындалатын тағамдарды балаларға мүлдем бермеу керектігін айтады. «Қазір тамақтану дұрыс емес. Біз ең біріншіден баланың тамағын дұрыстауымыз керек. Тез дайындалатын тағамдарды балаларға бермеу керек. Онда әртүрлі химиялық қоспалар бар. Ал бізде бәрі керісінше, фастфуд өнімдері балалардың сүйікті тағамына айналды. Балаларға ауруды сатып алып беріп жатқанымызды ескеруге тиіспіз. Қазір ботқа жейтін балалар сирек.

Теңге құлдырамайды: Ұлттық банк халықты қауесетке сенбеуге шақырды

Қазақстанның Ұлттық банкі теңге бағамы төмендейді және инфляция деңгейі өседі деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады деп жазады Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған Sn.kz. Қаржы реттееушісінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде теңге бағамы және инфляция деңгейінің өсуі туралы жалған ақпарат тарап жатыр. «Қазақстанның Ұлттық банкі бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қазіргі уақытта әсері бар әрі анық қатер жоқ», — деп мәлімдеді Ұлттық банктегілер. Соңғы уақыттарда байқалып жатқан теңгенің аздап ауытқуына бірінші кезекте

Ақтөбеде 9 баланың анасы егіз ұл мен қызды өмірге әкелді

Ақтөбе облыстық перенаталдық орталығында 38 жастағы келіншек егіз ұл мен қызды өмірге әкелді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл сирек кездесетін қуанышты жаңалық, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығында 16 маусым күні 9 баласы бар Әсем Бекмағамбетова егіз ұл мен қызын өмірге әкелді. Акушер-гинеколог Гүлстан Қабылованың айтуынша, айы-күні жетіп өмірге келген екі баланың да денсаулығы жақсы, жас ана да дін аман. ҚазАқпарат тілшісі перзентханаға барып, егізін бауырына басқан Әсем Бекмағамбетованың жағдайымен танысып

19 медицинских учреждений открыли в селах Актюбинской области в рамках ГЧП

В Актюбинской области проходят праздничные мероприятия, посвященные Дню медицинского работника. В прошлом году в регионе приступили к реализации социально-значимой программы по строительству 26 медицинских учреждений, в том числе 21 в сельской местности. Сегодня в пос.К.Нокина открылась очередная врачебная амбулатория. Это 19 по счету медицинское учреждение, построенное в селах области в рамках государственно-частного партнёрства за последний год. — По поручению Главы государства за годы независимости в Казахстане проведена масштабная работа по

В год 20-летия Астаны из Актобе в столицу стартует автоэкспедиция «Арайлы Ақтөбеден – Айбынды Астанаға»

Экспедиция организована ТОО «Актобе Медиа» и приурочена также к 100-летию первой газеты области «Актюбинский вестник». «Целью экспедиции, маршрут которой пройдет по Актюбинской, Костанайской, Акмолинской областям, является ознакомление с достижениями столицы за 20 лет, встречи с известными актюбинцами, внесшими большой вклад в развитие страны и столицы. Встречи в Астане со столичными журналистами и известными актюбинцами, внесшими большой вклад в развитие государства, состоятся в Казмедиацентре, где в ходе беседы актюбинские журналисты расскажут

Ақтөбеде қала ортасындағы дөнер дүкені жанып кетті

Ақтөбе қаласындағы донер павильоны өртеніп, қызыл жалынды өшіруге 3 техника мен 11 адам жұмылдырылды. «Алладин» донер-кебаб павильоны өртеніп жатқаны туралы ақпарат сағат 11:10-да түсті. Барлығы 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Бар болғаны 20 минут ішінде өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт аумағы 16 шаршы метрді құрады»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.