Әлем

Катармен байланысын үзген елдер "террористер тізімін" түзді

Катармен байланысын үзген араб елдері Сауд Арабиясы, Египет, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері «Катармен байланысы бар болуы мүмкін» және «терроризм мен экстремизмге қолдау көрсететін» ондаған адамның тізімін жасады. Сауд Арабиясы басқарған топ тізіміне 59 адамды, оның ішінде «Мұсылман бауырластар» қозғалысының Египеттегі жетекшісі Юсеф Кардавиді және Катар қаржыландыратын 12 қайырымдылық ұйымын қосты. Катар билігі өзіне тағылған айыптауды жоққа шығарып, БҰҰ қабылдаған терроризмнің алдын алу және оны қаржыландыруға тыйым салу шараларына сай

Құтқарушылар Мяньмада құлаған ұшақ орнынан 10 адамның денесін тапты

Мяньманың әскери-теңіз кемесінің қызметкерлері Андаман теңізінен жоғалған әскери ұшақ бөлшектері мен әуе апатынан қайтыс болған 10 адамның денесін тауып алды, деп хабарлайды Reuters агенттігі елдегі қарулы күштер өкіліне сілтеме жасап. Олардың арасында төрт бала бар. Үш адамның денесі 7 маусым күні, қалған жетеуі келесі күні табылған. Мяньманың оңтүстігінде орналасқан Янгон гарнизондарынан әскери қызметкерлер отбасын тасымалдаушы ұшақ 7 маусым күні Андаман теңізі үстінен ұшып бара жатып радардан жоғалып кеткен. Бортта 122

Қырғызстанда бірнеше жарылыс жасамақ болған ер адам ұсталды

 Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) қызметкерлері халықаралық лаңкестік ұйымның мүшесін ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстанның МҰҚК-нің қоғаммен байланыс бөлімінің өкілдері мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің сөзінше, лаңкес Бішкектегі адам көптеп жиналатын бірнеше орынға қою үшін жарылғыш заттар жасап жатқан жерінде ұсталған. Тергеу ер адамның шетелдік лаңкестік лагерьлерде жарылғыш заттар дайындау бойынша дайындықтан өткенін анықтады. Лаңкестің тұрып жатқан жерін тінту кезінде жарылғыш заттар дайындау бойынша нұсқаулар, экстремисттік мазмұндағы аудио-видео материалдар, әскери

Манилада қонақүйге шабуыл жасалды: 34 адам қаза тапты (Видео)

Филиппинде батыс туристері ең көп баратын Resorts World Manila қонақүй кешенінде 1 маусымда кешкі уақытта атыс пен жарылыстар болған, — деп хабарлайды жергілікті БАҚ-тар. Соңғы мәліметтер бойынша, бетперде киген белгісіздердің шабуылынан 25 адам зардап шеккен. Жарақат алған көптеген туристер қонақүй ғимаратында қалып қойған. Кейбіреуі екінші қабаттан секіремін деп ауыр жарақат алған. Шабуылды Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ террористік ұйымы өз мойнына алып отыр. Куәгерлер әлеуметтік желіде оқиғаның суреттері мен видеоларын жариялап

Ғалымдар 150 жылда алғаш рет көзі жоқ жұмбақ балықты тапты (Видео)

Биологтардың халықаралық командасы Аустралия жағалауында өліп қалды деп саналған көзі жоқ балықты тапты, — деп жазады New Atlas. Теңіз балығының көзі жоқ, ал аузы денесінің төменгі жағында орналасқан. Сирек кездесетін балық Джервис шығанағында тереңдігі төрт шақырым жерден табылған. Айта кетейік, осындай ерекше балық cоңғы рет 1873 жылы табылған екен. Мамандар бұл жануардың нақты қандай балық түріне жататынын айта алмай отыр, себебі бұл балық әлі зерттелген жоқ. Бірақ кейбір биологтар балықтың

АҚШ ғарыш зымырандарын ұшыратын әлемдегі ең ірі ұшақ жасап шығарды

АҚШ-та қос қанатының ұзындығы 117 метр болатын Stratolaunch ұшағы көпшілікке таныстырылды, — деп хабарлайды The Washington Post. «2017 жылдың 31 мамыры, сәрсенбіде Калифорния штатындағы Мохаве шөліндегі ангардан Stratolaunch ұшағы алғаш рет шығарылды. Ол 9,1 мың метрден ғарыш тасығыш зымырандарын ұшыруға арналған», — делінген хабарламада. Ұшақтың 28 дөңгелегі мен алты реактив қозғалтқышы бар. Ұшақтың өз салмағы 250 тонна, ал жүк тиелгенде 590 тонна болады. Бастапқыда бұл ұшақ бір ғана зымыран таситын

Түркияда әскери тікұшақ құлады

ҚазАқпарат -Түркияның Ширнак провинциясында әскери тікұшақтың құлауының салдарынан 12 адам мерт болды, деп хабарлайды ТАСС Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Осыған дейін Hurriyet Daily News басылымының хабарлағанындай, Cougar тікұшағы әуеге көтерілгеннен кейін үш минуттан соң электр тарату желісіне тиіп кетіп, апатқа ұшырады. inform.kz