Әлем

Дуров: Ресейде қысымға қарамастан Telegram әлі жұмыс істеп тұр

Telegram-ның негізін салушы Павел Дуров Роскомнадзордың мессенджерді бұғаттау әрекетіне қарамастан ресейліктердің оны қолдана алып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық. Дуровтың сөзінше, соңғы төрт күнде Ресей билігі 18 миллион IP адресті бұғаттағанымен, ол Telegram-ның жұмысына еш әсер етпеген. Дуров мессенджерді бұғаттауға қатысты жағдайды «300 спарталық» фильмімен салыстырды. Ол интернет қолданушылардың әрекеті «отандастарының еркіндігі үшін күрескен» Спарта қаласы тұрғындарының тарихын еске түсіретінін айтты. Роскомнадзор Telegram-ды оның Ресей арнайы қызметіне қолданушылар жазатын хат-хабарды

Тәжікстанда "Сирияға кетпек болған" 71 жастағы зейнеткер сотталды

Тәжікстанның Соғды облысында ДАИШ террористік тобына қосылмақ болды деген айыппен 71 жастағы әйел ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Азаттық. Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, Соғды облыстық соты Исфара аймағында тұратын отбасы мүшелерін «террористік ұйымға қосылмақ болды» деген айыппен кінәлі деп тапты. 71 жастағы Мавлюда Насриддинова 12 жылға, оның 47 жастағы ұлы Баходур Насриддинов 17 жылға, 25 жастағы ұлы Хайдархон Насриддинов пен күйеу баласы Насруллохон Абдувалиев (Фарзона Насриддинованың күйеуі) 12,5

Блогер апатқа ұшыраған ұшақ бортынан тікелей эфирге шықты

Америкалық блогер Марти Мартинез апатқа ұшыраған ұшақ бортынан Facebook арқылы тікелей эфирге шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Видеодағы кадрлардан блогердің терезе жақта оттегімен демалу маскасын киіп отырғаны көрінеді. «Ұшақ апатқа ұшырайын деп жатыр! Біз төмен түсіп жатырмыз! Апатты жағдайда қонайын деп жатырмыз! Southwest әуе компаниясының Нью-Йорк- Даллас рейсі», — деп жазды блогер. Кейінірек ол ұшақтың қозғалтқышы жарылып кеткенін жазды. Нәтижесінде жолаушылардың бірі қаза болған. РИА Новости мәліметінше, бұл оқиға Southwest Airlines

Назарбаев пен Путин Сириядағы жағдайды талқылады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин 17 сәуірде телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы жағдайды талқылады. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасаған Азаттық мәлімдеді. Ақорданың хабарлауынша, әңгіме Ресей тарабы бастамасымен болған. Екі ел президенті Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты және халықаралық жағдайларды да сөз еткен. 14 сәуірге қараған түні АҚШ, Ұлыбритания мен Франция Сириядағы үкімет бақылауындағы кей нысандарға әуеден соққы берген. Бұл елдер Сирия үкімет әскері мен Ресей Дума

Өзбек президенті мұғалімдерге көше сыпыртып, мақта тергізген шенеуніктердің бәрін жазаламақшы

Сырдария облысы Сайхунабад ауданы тұрғындарымен кездескен өзбек президенті Шавкат Мирзияев мұғалімдерді мәжбүрлеп көше тазалатуға шығарған шенеуніктерді қатты сынады деп жазады Sn.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Самарқан облысында мерт болған жас мұғалім Диана Еникееваның өліміне өзін кінәлі санайтынын айтты. Еникееваны президент сапары қарсаңында жол бойын жинау кезінде КамАЗ басып кеткен еді. Мұғалімдерді мәжбүрлеп жұмысқа шығарған шенеуніктер қызметтен қуылатынын президент қатты ескертті. 13 сәуірде Сайхунабад ауданының белсенділерімен кездескен Шавкат Мирзияев ұстаздардың

Түркіменстанда жол апатынан ондаған адам қаза тапты

14 сәуірде Түркіменстанда болған жол апатынан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметіне полициядағы дереккөзі хабарлаған. Түркіменстанда Геокдере деген атпен танымал бұл демалыс мекені Ашхабадтан 20 шақырым жерде орналасқан. Полицияның мәлімдеуінше, апаттан зардап шеккендер саны 15 сәуір таңертең 17 адам болған. Нақты қанша адам жараланғаны белгісіз. Жол полициясы автобус лық толы болғандықтан және ауа райы қолайсыздығынан апатқа ұшыраған деп болжайды. Жолаушы толы автобус ылғал асфальттен шетке шығып кетіп,

Мұнайдың әлемдік бағасы 70 доллардан асты

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы едәуір көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,02 долларға дейін қымбаттап, бір баррель үшін 72,06 доллар болды. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 1,31 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 66,82 долларға жетті. Еске салайық, кеше, 11 сәуір күні Лондонның ICE Futures биржасында маусым