ГЧП

Ақтөбеде бизнес-тренерлер «Бастау» жобасы аясында ауыл тұрғындарын оқыту үшін аудандарға аттанды

«Бастау» жобасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жүзеге асырылады. Жоба ауыл тұрғындарының бизнестік білім алуына және мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесуге арналған. «Былтыр «Бастау» жобасы облыс бойынша 6 ауданда пилоттық негізде жүзеге асырылды. Жоба өзінің нәтижелілігін көрсетіп, 1125 адам бизнес негіздері жөнінде білім алды. Олардың 204-і кәсіптерін жаңадан ашты, бизнестерін кеңейткендері де бар. Ал биыл бизнес оқулары барлық 12

Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ондаған нысан салынады

Елімізде «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Заңындағы қосымша актілерге өзгертулер енгізілді. Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұсынысына сәйкес өзгертулер енгізіліп, 6 сәуірден бастап күшіне енді. Жаңа мүмкіндік туралы Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұқанов Нұрлыбек Бекболатұлы әңгімелейді. Нұрлыбек Бекболатұлы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңдағы қабылданған өзгерістер туралы айтып берсеңіз… Заңнамаға өзгертулер енгізудің негізгі мақсаты – «бағдарламалық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» бағдарламасын енгізу және оның ұзақ мерзімділігі, жүргізілетін рәсімдерді оңтайландыру. Мысалы, жобаларды жүзеге асыру процесі енді бұрынғыдай бес

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: Ақтөбеде бизнес-инкубатор ашылады

Ақтөбеде кәсіпкерлер үшін ыңғайлы ғимарат жұмысын бастайды. Қазіргі уақытта бизнес-инкубаторға қажетті ғимарат іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысының кәсіпкерлеріне қажетті бизнес инкубатор ашу идеясын өңір басшысы Бердібек Сапарбаев айтқан болатын. Қазіргі кезде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылатын нысанға қажетті ғимарат іздестіріліп жатыр. «Ақтөбеде бизнес инкубатор ашылады. Біз бұл жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырамыз. Бизнес-инкубаторда бизнесін жүргізетін кәсіпкерлер болады. Мәселен, барлығы 15 кәсіпкерге орын береміз. Оларға бірден жұмысқа кірісу

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: Ақтөбеде балалар үшін жабық спорт алаңдары жалға алынды

Ақтөбеде жабық спорт алаңдары тапшы. Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бірнеше спорт алаңын жалға алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеде балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Спорт кешенінің тапшылығы туындаған кезде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірнеше кәсіпкермен келісімшарт жасады. «Жабық спорт кешенінің тапшылығы сезілген соң бірнеше ғимарат жалға алынды. Келісімшарт бойынша 8 мың шаршы метр аумақ пайдаланылады. Базалық жалдау

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасын әзірлеу оңтайланды­рылды – Раиса Келмұх­анбетова

Елімізде мемлекеттік­-жекешелік серіктест­ік жобаларын әзірлеу заңнамасы өзгеріп, құжат дайындау мерзі­мі қысқарды. Қазіргі уақытта Мемлекеттік­-жекешелік серіктест­ік аймақтық орталығы кәсіпкерлерге жаңа заңнаманы түсіндіріп жатыр, деп хабарлай­ды Aktobenews.kz тіл­шісі. Еліміз бойынша Ақтөбе облысы мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясы­нда салынып жатқан жобалардың көшін баст­ады. Алдағы уақытта қаладағы балабақшала­рдың бәрі осы жолмен салынады. Соған бай­ланысты Мемлекеттік-­жекеменшік əріптестік аймақтық орталығы кәсіпкерлерге жан-жа­қты түсіндіру жұмыст­арын жүргізіп жатыр. «МЖӘ жобаларын жоспар­лау рәсімдері оңтайланды­рылды. Атап айтқанда, МЖӘ жобаларының тұжырым­дамаларын әзірлеу жә­не

Ақтөбеде апатты тұрғын үйлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жойылады

Ақтөбеде апатты үйлердің тұрғындары құрылыс компанияларымен кездесіп жатыр, — деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласында апатты жағдайда тұрған көпқабатты үйлердің иелері қазір пәтер кезегінде тұр. Бірақ олардың қай уақытта баспаналы болатыны нақты белгісіз. Сондықтан жергілікті билік апатты жағдайда тұрған үйлердің иелерін құрылыс компанияларымен кездестіріп жатыр. «Ақтөбе қаласындағы Есет батыр көшесі, 106 «А» үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бұзылады. Тұрғын үйдегі 8 пәтер иесімен жалпы жиналыс өтті. Құрылыс компаниясы өз нұсқасын ұсынады.

Ақтөбе облысында ауыл жолдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қалпына келтіріле бастайды

Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тасжолдар қалпына келтіріледі. Биыл бес ауылдың жолына орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қазіргі таңда 5 жоба дайын. Құны – 11 миллиард теңге. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін екі жолдың жобалық-сметалық құжаты мақұлданды. Бұл жұмыстарға 2,5 миллиард теңге жұмсалады. Ал өзге жолдардың құжаты Автомобиль жолдары комитетінде қаралып жатыр. «Барлығы 11 миллиард теңгенің жобалық-семалық құжаты дайындалған кезде бюджеттің 700 миллион теңгесі үнемделді. Бұл жұмысты жалғастыру үшін тағы