ГЧП

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақша салып бермек

Ақтөбе облысында мемлекеттік-жекеменшіка әріптестік аясында 4 балабақша іске қосылады. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты Хромтауда 320 орынды балабақша салады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбелік кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік серіктестік аясында балабақша салуға машықтанып жатыр. Биыл 4 жобаны нақты іске асыру жоспарланды. Оның бірі бұрын балабақша болып ашылған. Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қайта жабдықталып жатыр. «Нектар» тұрғын үй кооперативі салған балабақшаның негізгі бағытын өзгерту, құжаттарын қайта рәсімдеу осы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады.

Ақтөбе облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 150 жоба жүзеге асырылып келеді

Мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында Ақтөбе облысында 150 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі «Хабар» агенттігіне сілтеме жасап. Олардың басым бөлігі өткен жылы іске қосылған. Негізінен әлеуметтік сала назарда. Дегенмен офтальмологиялық емхана мен жедел жәрдем орталығы сияқты ірі жобалар да бар. Барлық бастаманың құны 42 млрд теңгеден асады. Биыл жергілікті шенеуніктер автомобиль жолдарын жөнге келтіретін инвесторларға іздеу салған. Қалталы кәсіпкерлердің көмегімен Хромтау, Темір, Байғанин және Қобда аудандарындағы тозығы жеткен

Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорт кешені мен бизнес-инкубатор салынады

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен жұмысы тоқтап тұрған кəсіпорындарды сауықтыру мен іске қосу, сондай-ақ, бос тұрған өндірістік ғимараттардың әлеуетін пайдалану мəселелері бойынша кеңес өткізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қала аумағында 8 нысан бар, бірқатар шаралар нәтижесінде бүгінгі таңда «МТС-Трактор» ЖШС шағын тракторлар шығару зауыты мен «Ақ-Руно» ЖШС бұрынғы тоқыма фабрикасының өндірісі жұмыстарын қайта жаңғыртты. Соңғы аталған нысанның базасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде ауданы 10 мың шаршы метр болатын спорт кешені

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайына Жоғары спорт шеберлігі мектебі қоныстанады

Ақтөбеде мемлкеттік-жекеменшік әріптестік аясында Жекпе-жек сарайы салынды. Енді бұл сарайда Жоғары спорт шеберлігі мектебі қоныстанады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында бірнеше республикалық, халықаралық жарыс өтті. Батыс-2 ауданындағы спорт сарайы 720 орынға арналған. Мұнда бокс пен күрестің барлық түрі бойынша жарыс өткізуге болады. Әрі жаттығу залдары заман табалына сай салынған. Спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына 1,5 миллиард теңге жұмсалды. «Жекпе-жек» сарайында заманауи жиналмалы бокс рингі, күрес кілемдері, татами, жаттығуларға арналған

Ақтөбе ауылдарындағы емдеу мекемелері мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында салынып жатыр

Ақтөбе облысы Қобда ауданының үш ауылында мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында емдеу мекемесі салынып жатыр. Үш жобаның құны – 201 миллион теңге, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында аудан, ауылдарда денсаулық сақтау, білім беру мекемелері салынып жатыр. Мәселен, Қобда ауданының Терісаққан, Бестау, Талдысай ауылдарында емдеу мекемесінің құрылысы жүріп жатыр. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында барлығы 15 жоба іске асырылды. «Акция аясында ауданнан шыққан кәсіпкерлер көп көмектестіп жатыр. «МБ Транс» ЖШС директоры

Ембі қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында "Нұр-Дана" бөбекжай балабақшасы ашылды

Балабақшаның ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұргүл Қалиева мен қала тұрғындары қатысты. 150 балаға арналған «Нұр-Дана» бөбекжай балабақшаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Сәуле Дәулеталина ашып отыр. Ашылу салтанатына сөз алған аудан басшысы Ербол Жеткергенұлы балабақша құрылтайшысы Сәуле Дәулеталинаға алғысын білдірді. Жаңадан ашылған балабақшада балалар үшін барлық жағдай жасалған.