Фото

Ақтөбе облысының әкімі «Нұрлы жер» мен «Нұрлы жол» бағдарламаларын шатастырмауды сұрады (ВИДЕО)

Ақтөбе облысының әкімі «Нұрлы жерді» «Нұрлы жол» бағдарламасымен шатастырмауды сұрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгін, дүйсенбі күні Ақтөбеге Павлодар қаласы әкімі бастаған делегация келді. Көрші облыстың қонақтары Ақтөбедегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жылдам салынып жатқан үйлерді қарады. Рейд барысында павлодарлық шенеуніктер облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты кездейсоқ кездестірді. Белгілі болғандай, ол құрылыс жұмыстарын тексеріп жүрген. Өңір басшысы 5 минуттың ішінде келген қонақтарға «Нұрлы жол» бағдарламасы жайлы қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізіп

Ақтөбе облысында аурухана ғимаратында оқып келген балалар су жаңа мектептің табалдырығын аттады

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаңа мектеп бой көтерді. Аудан орталығы Қандыағаштағы №1 қазақ орта мектебінің түрінен адам шошитын. Апатты жағдайда болғанына қарамастан, онда балалар екі ауысыммен оқып келді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Соңғы екі жылда балалар аудандық аурухана ғимаратында білім алды. №1 қазақ орта мектебінің жарты ғасырдан астам тарихы бар. Сонау екі мыңыншы жылдардың өзінде ескі ғимарат 50 жылдығын тойлаған болатын. Осыдан санаулы жыл бұрын мектептің төбесінен су кетіп, кірпіштегі

Ақтөбе қаласындағы ескі мешіт балаларға тегін аттракцион ұйымдастырды (ФОТО)

Балалар мешіттің ауласында қойылған батутта асыр салып ойнады, тегін тәтті мақта, попкорн, шәрбат таратылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласының ескі мешітінде Құрбан айтты бұрын-соңды бұлай өткізіп көрмеген. Таңғы сағат 7:30-да оқыла бастаған айт намазына 1,5 мың адам қатысты. Намаз оқылған соң жамағат мешіт ауласына шығып, күш сынасты, арқан тартысты, дастарханнан дәм татты. Ересектерден бөлек, кішкентай бүлдіршіндерге де баса назар аударылған. 110 балаға жамағаттың атынан тегін мектеп құралдары мен сөмке

30 жастағы ақтөбелік кәсіпкер өңірде көкпар ойындарын дамытуға мүдделі (ФОТОРЕПОРТАЖ)

30 жастағы ақтөбелік Фархат Сансызбай облыстық көкпар федерациясын жарты жыл бұрын ресми түрде тіркеген. Президенті өзі. Қасында достары құрылтайшылар. Ат ойындарына қызығушылығы басым жігіттер мемлекеттен көк тиын алмай үнемі көкпар ойындарын өткізіп келеді. Өздері шығынданады, сыйлық қорын әзірлеп, жүлделер тағайындайды. Оның айтуынша, көкпар ойындарын қалада емес, ауылдық жерлерде дамыту керек. Өйткені, ауыл баласы атқа еркін қона алады. Оның үстіне, олардың қаладағы үйірмелерге қатынауға мүмкіндіктері бола бермейді. «Өткенде жеңіс күні қарсаңында

Ақтөбелік Динара Еділова Сингапурде өткен "Әлем ханымы" байқауында Қазақстанның намысын қорғады (ФОТО)

Ақтөбелік Динара Еділова Сингапурде өткен «Әлем ханымы» байқауында Қазақстанның намысын қорғады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Үш ер баланың анасы, 31 жастағы Динара «Ұлт бейнесі» номинациясын иеленді. Әлемдік байқауда қазылар алқасын ол  ұлттық нақышта тігілген киім үлгілерімен тәнті етті. Қазақстандық аруға Дана Наби, Мәлика Дүйсенбаева, Айнаш Карина секілді дизайнерлер қолдау танытты. Динара қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. Ақтөбедегі «Алмас» қайырымдылық қорына жетекшілік етеді. Бүгінде жерлесіміз Дели қаласы арқылы елге қайтып келе жатыр. Ақтөбеде

Жиырмадан енді асқан ақтөбелік кәсіпкер Грузия нарығын игере бастады

Ақтөбеде былтыр ғана фото-видео студиясын ашқан Данияр Нұрғалиев Грузия нарығын игере бастады. Жас кәсіпкер алдағы уақытта Еуропаға шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Грузия елінде филиалын ашқан Данияр өзінің жұмысы туралы Aktobenews.kz тілшісіне айтып берді. «2016 жылы Ақтөбеде «Орда Медиа Group» болып фото-видео студиясын аштым. Өйткені, алдында өзіме серт берген болатынмын. Тіпті, көлігім мен жинаған ақшама кеңсеге қажетті бұйымдар алдым», — дейді ол. Данияр Нұрғалиев жұмысының алғашқы күндері клиент

Ақтөбеде мешіт жамағаттары арасында футболдан турнир өтті

Ақтөбеде «Ұлы Дала жастары» атты республикалық шағын футболдан турнирдің облыстық іріктеу сайысы өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Іріктеу турнирі қаладағы Ақтөбе мұнай және газ колледжінің спорт алаңында өтті. Оған Ақтөбе қаласы мешіттері мен аудан жамағаттарынан барлығы 16 команда қатысып, қарсыластар жеребе арқылы анықталды. Тартысқа толы ойында «Сүлеймен ата» мешітінің жамағаты айқын басымдылық танытып, нәтижесінде жеңімпаз атанды. Команда кубокпен, Мадақтама және 100 000 теңге көлемінде сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ, сайыс барысында шеберлігімен