Біз олармен мақтанамыз

Ақтөбелік дизайнер қазақтың ұлттық киімін шетелдегі сән көрсетіліміне апарады

Ақтөбелік кәсіпкер Сабина Жанзақова екі жылдан бері ұлттық киімдер тігіп, шетелдегі сән көрсетілімдеріне қатысып жүр. Үздіктер қатарына іліккен дизайнер жыл сайын бірнеше елден шақырту алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тұрмысқа шығып, өзгелерден ерекше сәндегі көйлек кигісі келген Сабина Жанзақова мата алып, тігіншіге барады. Бірақ шеберлер той көйлегін тігуден бас тартқан. Сол кезде дизайнер Сәбина Жанзақова арнайы сызбасын дайындап, көңілі қалаған көйлекті киді. Адамдардың таңданысын тудырған жаңа сән сұранысқа ие болып, ол

Нұрлыбек Жұбатқан: Сатира салт-дәстүрді дәріптейді

Күлкі де – тәрбие құралы. Қуантатыны, қазіргі театр сахнасында жүрген жастарымыз өнерлері арқылы төл құндылықтарымызды насихаттап, жат ағымдардың теріс пиғылдарын оңдырмай сын садағының нысанасына айналдаруда. Олар көрерменге қуаныш сыйлай отырып, дәстүрлі дініміздің маңыз-мәнін айшықтап жүр. Солардың бірі – актер, Мәдениет қайраткері, Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы драма театрының, «Екі езу» сатира театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан өз ойымен бөлісті. – Нұрлыбек Хайруллаұлы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында рухани