Ақтөбе жаңалықтары

Ақтөбеліктерді жеке сұрақтарымен жұмыс тобы қабылдайды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 29-шы қыркүйектен бастап Ақтөбе облысында орталық мемлекеттік органдар мен сараптамалық қоғамдастықтың 200-ден астам маманынан құралған топ жұмыс жасауда. Топ облыс тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық және экономикалық саладағы мәселелерін шешумен айналысады. Тұрғындар өздерінің жеке сұрақтары бойынша облыс прокуратурасының 90-14-18 жедел желі нөміріне хабарласып, қабылдауға жазыла алады. Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақтөбеде қариялар қала аралайтын болады

Жергілікті кәсіпкерлер қарияларға ерекше мереке сыйлауды жоспарлап отыр. Ақтөбелік зейнеткерлер мен ардагерлерге 4-қазан күні қала ішінде экскурсия ұйымдастырылады. Үйден жиі шығудан қалған қарияларға жаңадан бой түзеген ғимараттар, нысандар, қаланың әсем жерлері көрсетіледі.  Кәсіпкерлер ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға мерекелік дастархан жайып, медициналық мекемелер тегін қабылдайды. Кинотеатрларда қарияларға фильмдер көрсетіледі. Мерекелерінде ешбір қарт құттықтаусыз қалмайды. Осы күні өздерінің ата-аналарын, ата және әжелерін балалары мен немерелері өз отбасыларында құттықтаулары қажет. 95 ҰОС

Жақып Асанов: Ақтөбе облысынан 15 жылда сыртқа көшкендердің әрбір бесіншісі Астанада жүр

Бас прокурор Астана қаласын Елбасының дипломатиялық шеберлігі екенін айтты. Ақтөбеде мемлекет басшысының аймақтық әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жобасы аясында іссапармен жүрген Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов тәуелсіз елімізді әр қазақстандықтың мақтан тұту керек екенін айтты. «Біздің дарқан даламызды 5 мемлекет қоршап тұр. Соның бірі- қытай. Ал қытай елінің территориясын қоршап тұрған 15 мемлекет бар. Сол 15 мемлекеттің ішіндегі барлық шекара мәселесін шешкен Қытай мен Қазақстан. Қалған көршілестерімен оларда әлі дау бар.

Ақтөбеде қазанның бірінен бастап жылу беріледі

Ертең, қазанның бірі күні Ақтөбеде жылу беру маусымы басталады. Бұл туралы «Трансэнерго» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр. Әдетте жылу беру маусымы қазанның орта тұсында басталатын еді. Ал биыл күннің күрт суытуына байланысты шаһар билігі қалалықтарға жылуды әдеттегіден ертерек беруді ұйығарған. «Трансэнерго» АҚ-ның қызметін шамамен 2 мың тұрғын үй және 130 әлеуметтік нысандар пайдаланды. Алдымен сенбіден балабақшаларды, ауруханаларды, мектептерді, емханаларды, диспансерлерді және басқа да әлеуметтік ғимараттарды жылу желісіне қосады. Ал тұрғын

Офтальмология отасын жасату үшін 10 мың ақтөбелік Орынборға барған

Бүгін «Қоныс» спорт сарайында Ақтөбе мен Орынбор облыстарының дәрігерлері бас қосты. Балалар хирургиясын дамыту, экстро-корпоральды ұрықтандыру мен жүрекке жасалатын күрделі оталар туралы екі тарап тәжірибе бөлісті. Соңғы екі жылдың ішінде 10 мыңнан астам ақтөбелік офтальмология бойынша Орынбор облысының медицинасына жүгінген. — Орынбор облысында көз микрохирургиясы жақсы дамыған. Ақтөбеден жыл сайын әртүрлі жастағы науқастар келіп, ем қабылдайды. Біз биыл рентгено-операция орталығын аштық. 6 ангиограф жұмыс істейді. Қуантарлығы өңірімізде жүрек-қан тамырлары ауруы

Ақтөбеде шығарылатын рельстер Алматы метросының құрысына пайдаланылады

Алматы метрополитенінің екінші желісінің құрылысын аяқтау үшін Ақтөбеде шығарылатын рельстер пайдаланылатын болды. Ақтөбе рельс арқалық зауыты мен Алматы метрополитенінің басшылығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Форумға қатысу үшін Ақтөбеге күн бұрын келген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бастаған бір топ делегация зауыттың жұмысымен танысып, мүмкіндіктерін көрді. Ақтөбе рельс арқалық зауыты — ТМД көлемінде баламасы жоқ бірегей кәсіпорын. 2014 жылы Елбасы тапсырмасы бойынша салынып, Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілді. Мұнда жылына 430 мың

Жаңадан салынған спорт алаңдарында ақтөбеліктер кілем кептіріп жүр

Ойын алаңын кір кептіру орнына айналдырған тұрғынның әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды. Ақтөбеде болып жатқан оқиғалар туралы жаңалықтармен бөлісіп отыратын «Aktobe_zello» тобының инстаграмдағы парақшасында ойын алаңындағы белтемірлерге кілем ілген тұрғынның әрекетін әшкерелейтін сурет жарияланды. Қала көшелерінде демалыс орны ретінде тұрғызылып жатқан спорт алаңқайындағы көрініс әлеуметтік желі тұтынушыларын шулатып жіберді. Көпшілік «Юнис сити» ауданында ауылдан көшіп келіп жатқандардың көп екенін айтып, пікір білдіріпті. Бірі «көпшілігі ауылдан келеді. Олар қала мәдениетін көп біле