Ақтөбе мақтаныштары

Жастар ресурстық орталығы Ақтөбенің дарынды жастарын анықтауға кірісіп кетті

Ақтөбеде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағыты аясында қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет Ақтөбе қаласы әкімінің «Ақтөбе Дарыны — 2018» байқауы өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Байқауға 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын кез келген Ақтөбе қаласының тұрғыны қатыса алады. Қатысушылар өз өтінімдерін 15 номинация бойынша жолдай алады. «Байқаудың басты мақсаты — жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, жас мамандардың шығармашылық дамуына жағдай