Фото

«Үмітіңді үзбеші, біз біргеміз, жаным!»

Бірі 20 жыл арбаға таңылған жұбайын, ал келесі бірі 30 жыл арбада отырған жолдасын сүйреген отбасылардың жұптық билері көпшіліктің жүрегін елжіретті. Арбада отырған жолдасын сүйреп шығып, мың бұрала билеген келіншек пен жан жарының мұңлы жанарына күлкі жүгірткен азаматтың биін «Біз біргеміз!» шарасына келгендер тамашалады. Ақтөбеде бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан мүгедектерге арналған «Біз біргеміз!» жобасының авторы Құралай Бәйменова биыл да мыңдаған адамның алғысына бөленді. -Қазір біздің қоғамда

Бердібек Сапарбаев «Жас Ақтөбе» жастар сыйлығының иегерлеріне 100 мың теңгеден берді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Ақтөбеде Жастар балы өтті. Шараны облыс әкімдігінің қолдауымен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті ұйымдастырды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Кеш барысында өңір басшылығы атынан 10 мүкіндігі шектеулі жасқа 100 мың теңге сертификат пен құттықтау хаты табысталды. Ал, белсенді 25 жас тұңғыш рет «Жас Ақтөбе» облыстық жастар сыйлығымен марапатталып, аймақ басшысының қолынан 100 мың теңге берілетіні туралы сертификат алды. Облыс әкімі өз кезегінде бұл шараның

Ақтөбеде музыка ырғағымен «билейтін» субұрқақ ашылды (Фото)

Ақтөбеде әуенді музыкалық субұрқақ ашылды. Облыс әкімдігіне қарама-қарсы бетте орналасқан гүлзардағы ескі субұрқақ жаңартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орнына жарық пен әуен үйлесіміне негізделген субұрқақ орнатылды. Оның ашылу салтанатына бас прокурор Жақып Асанов пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Судың сылдыры, түрлі түсті жарық сәулелер күмбірлеген күйдің үнімен үйлесім тауып жатты. Құдды сахналық қойылым іспеттес. Көздің жауын алатын мұндай сұлу субұрқақты бұған дейін ақтөбеліктер тек Елордадан ғана көріп келген болса, енді

Бердібек Сапарбаев Нұрлан Өнербаевпен бірге ән салды

Ақтөбеде алғаш рет «Ән-ғұмыр» ретро фестивалі өтті. Онда әнінің әсем сазы мен өлеңінің сөзі талай жүректерді тебіренткен әндер шырқалды. Фестиваль Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуовтердің шығармаларына арналды. — Қаламызда алғаш рет өткізіліп жатқан байқау облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы аясында ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат — ғұмырлы әндерді жастардың санасына сіңіріп, өнерімізді биіктету, — дейді облыстық мәдениет, құжаттама және мұрағаттар басқармасының басшысы Қанат Айтбаев. Биыл — Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. «Осы мерейлі

Ақтөбедегі Ойыл ауданының күндері (ФОТО)

Ақтөбеде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Туған жерім — нұрлы елім!» атты акция аясында Ойыл ауданының күндері өткізілді. Атақты ақ тарының атасы Шығанақтың  елінен келгендер Ақтөбені екі-үш күн бойына әдемі ән-күйге бөлеп, қызықты шаралар өткізді. Асан қайғы «Ойыл көздің жасы еді» деп өлеңге қосқан өлке туралы түрлі тарихи деректерді қамтыған көрмелер, мәдени-танымдық шаралар өткізілді. Аудан күндері Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжі ауласындағы Шығанақ Берсиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Облыстық

Ақтөбеде Хромтау ауданы күндері өтті  (ФОТО)

Ақтөбеде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Хромтау ауданының күндері өткізілді. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойына хромтаулықтар ерекше бағдарлама әзірлеген. Акцияның алғашқы күндері ауданнан келген басшылар мен кәсіпкерлер облыстағы балалар үйлеріне барып, арнайы сыйлықтар табыс етті, мерекелік бағдарламалар ұйымдастырды. Кітапханаларда «Мүмкіндігі мол өлке» атты мәдени-танымдық шаралар өткізілді. Онда келушілер Хромтау ауданының мүмкіндіктерімен, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени өмірімен танысты. Тарихы 1935 жылы басталған Хромтау ауданы әлемде