Ақтөбе жаңалықтары

Медициналық университет өз қызметкерлерінің балалары үшін 9 млн теңге қаражат бөлді

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті «Мектепке жол» акциясы аясында өз қызметкерлерінің балаларын мектепке әзірлеу үшін 9 млн теңге қаражат бөлді. Жыл сайын білім күні қарсаңында қызметкерлердің балаларына қолдау көрсетуді оқу орны басшылығы дәстүрге айналдырған. Биыл ұжым қызметкерлерінің үйінде 900 бала мектепке барады екен. Әр балаға 10 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді. Университеттің кәсіподақ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жангелді Шайымбетовтің айтуынша, оқушылар саны жыл сайын артып келеді.

Ақтөбенің көпқабатты үйінде бір айдан беру ыстық су жоқ

Ақтөбенің Бейбітшілік даңғылындағы №59 үйде бір айдан бері ыстық су жоқ. Тұрғындардың айтуынша, үйге жауапты «Табыс» пәтер иелері кооперативі мен «Трансэнерго» акционерлік қоғамы бір-біріне сілтеп, мәселені шешпеген. Ыстық судың жоқтығынан әбден шаршаған тұрғындар талай табалдырықты тоздырып, шағым айтып жүр. Бұл үй 1984 жылы салынған, барлығы 60 пәтер бар. Мұнда ыстық судың ажыратылғанына бір ай болғанын «Табыс» пәтер иелері кооперативі де, «Трансэнерго» акционерлік қоғамы да біліп отыр. Жеке пәтер иелері кооперативі

Бердібек Сапарбаев олимпиада чемпионы Фархад Харкиге пәтер сертификатын табыс етіп, Токио олимпиадасына дейін қазақ тілін үйренуге кеңес берді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Рио олимпиадасына Ақтөбе атынан барған екі спортшыны қабылдады. Ауыр атлет Фархад Харки мен күрес спортынан барған Нұрислам Санаевтар аймақ басшысынан бірі пәтер сертификатын, бірі теледидар сыйға алды. — Рио олимпиадасына Ақтөбеден барған екі спортшы жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Фархад Харки қола алды. Бұл Ақтөбе спортының тарихындағы бірінші медаль. Фархад Харки 2012 жылдан бастап Ақтөбе облысының намысын қорғап келеді, міне, 4 жылдағы жетістігі жаман емес. Нұрислам

«Террористер тізімінде» жүрген ағайындылар полицияны сотқа берді

Ақтөбедегі теракт кезінде күдіктілер қатарына ілінген ағалы-інілі Самат пен Санат Қожаниязовтар облыстық ІІД-н сотқа берді. Олар құқық қорғау органының өздерін ақтап, моральдық шығын төлегендерін талап етіп отыр. Мұғалжар ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны күдіктілер тізіміне кездейсоқ іліккеннен бері інісімен екеуі азап шеккендігін айтады. Айтуынша, іздеуде жүрген террористер қатарында болғанғандықтан, екі көзі бірдей көруден қалған анасын емдету үшін шетелге де шыға алмай отыр. — Осы оқиғаға дейін 64 жастағы анамның денсаулығы жақсы

Ақтөбеде борышкерлерге жеңілдік жасалады

«Трансэнерго» АҚ 1-қыркүйек пен 1-қазан аралығында борышкерлерге  жеңілдік беру акциясын өткізеді. Яғни, кәсіпорын қызметін пайдаланып бірақ  уақытында ақысын төлемеген борышкерлердің негізгі қарызына қосылған өсімпұлды алып тастайды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады. Жылу және ыстық су үшін қарызы барлар артық өсімпұлсыз негізгі қарызды төлеуге мүмкіндік алады. Акция бойынша борышкерлер кәсіпорынның жылу энергиясын жүзеге асыратын қызмет бөліміне хабарласуларына болады. Толық ақпаратты 906-142, 906-143 байланыс нөмірлері арқылы білуге болады. — Борышкердің саны

Ақтөбеде күздің бірінші күні ашық болады

Синоптиктер күздің бірінші күні ауа райы қандай болатыны туралы болжамдарын мәлімдеді. Олардың айтуынша, біздің облыс аумағы антициклон құрсауында. Бұл күннің жауын-шашынсыз ашық болатынын білдіреді. Облыс аудандарында түнде сынап бағаны 5-10 градусқа дейін сырғиды. Ал күндіз 25-30 градусты көрсетеді. Облыс орталығында да күн ашық, ауа температурасы түнде 5-10, ал күндіз плюс 26-28 градус. Оңтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Ақтөбеде радикалды топтың іс-әрекетіне тосқауыл қойылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12-30 тамыз аралығында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары аумағында үш радикалды топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қоюдың нәтижесінде радикалдардың құқық қорғау қызметкерлеріне шабуылдар жасау, сондай-ақ халық көп шоғырланатын орындарда терроризм актілерінің жасау жоспарларын іске асыру жолдарын кесті. Топ мүшелерінің тұрғылықты мекен-жайларын тінту барысында бірнеше атыс қаруы және оған қажетті оқ-дәрілер, тротил, қолдан жасалған жарылғыш зат, суық қару,

Ақтөбелік желаяқтар жарыс жолына шықты

Мерекеге орай Ақтөбеде спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Нөмірі сегізінші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жас спортшылар мерекелік флешмоб ұйымдастырды. Олар мектеп алаңына көк байрағымызды желбіретіп шықты. Барлығы 200-ге жуық 7 мен 15 жас аралығындағы балалар каратэ, таэквондо, бокс, күрес және көркем гимнастика сияқты спорт түрлерінен өнерлерін көрсетті. — Мен қазақ елін Конституция мерекесімен құттықтаймын. Облыстық спорт басқармасы ұйымдастырған мерекелік шарадан ерекше әсер алдым. Бұл өз кезегінде салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастардың

Ақтөбеде Workout-спортшылар алаңы ашылды

Ақтөбеде бүгін жаңа спорт алаңы ашылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мұндай Workout алаңдар болашақта әрбір үйдің ауласында болатынын айтты. Спорттық алаңда жаттығуларға арналған 25 белтемір бар. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазір қазақстандықтардың 75 пайызы спорттың осы түрімен айналысады. Ал ақтөбеде Workout-спортшылар саны әзірге 300 адам. — Мұндай спорттық алаңдар жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізу үшін керек. Спортпен шұғылданған бала есірткі шекпейді, арақ ішпейді, басқа да жаман қылықтардан бойын аулақ ұстайды. Демек,

Кірпішті ауылының жаңа мектебі ашылды

Конституция күні Ақтөбенің іргесіндегі Кірпішті ауылында №18 меткептің салтанатты ашылуы болды. Шараға облыс, қала басшылығы қатысты. Бұған дейін Кірпіштінің балалары ескі мектепте 3 ауысымда оқыған болатын. Қазір ескі мектеп те күрделі жөнделген, онда да сабақтар өткізіледі. Жалпы құны 491 миллион теңге болатын жаңа мектептің құрылысы былтыр басталған еді. Үш қабатты мектеп заманауи талапқа сай. Класс бөлмелері кең, спортзалы, асханасы бар. Ата-ананың да, баланың да қуанышында шек жоқ. Жанна ЕРАЛИНА.