қаңтар 9, 2018

Төбемізден үнемі бомба тастап жатты: Сириядан оралған қыз сондағы өмірі жайлы айтып берді

Батыс Қазақстан облысында тұратын белгілі ақын Ұлдай Сариева өзінің жерлесі, Сирияға барып, ондағы қулық-сұмдықтардың куәсі болған әйелмен сұхбаттас болыпты. Жақсы өмір сүреміз, бақытты боламыз деген тәтті қиялға сеніп, ақырында сан соғып қалған қазақ қызының басынан өткен жағдай талайларға ой салады деген үміттеміз деп жазады Zamana.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбековтің мәліме­тінше, күні бүгін Сирия мен Ирактың отты аймағында 16 жасқа дейінгі 390 қазақстандық бала бар. Соның  214-і –

Қазақстандағы кәсіпорындарға инвестициялық жеңілдіктер берілетін болды

Салық салу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы аясында Кәсіпкерлік кодексінің инвестициялық жобалар, оларға қатысты артықшылықтар мен шарттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің ақпаратына сүйенсек, инвестициялық климатты жақсарту мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды корпоративтік табыс салығынан үш жыл мерзімге босату қарастырылып отыр. Бұл жеңілдік 5 миллион АЕК мөлшерінде инвестиция салынған жағдайда жүзеге асырылады. Сондай-ақ инвестициялық артықшылықтар

Туған күні қарсаңында Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі өзін атып өлтірді

Ақтөбе қалалық әкімдігін күзеткен 35 жастағы Байбек Қарымсақов кеше кешкілік өз-өзіне қол жұмсады. Ол оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Кеше сағат 17:30-да күзет қызметінде тұрған Байбек Қарымсақов өз-өзіне қол жұмсады. Ол 2010 жылдан бері күзет қызметінде жұмыс істейді. Екі баланың әкесі, келіншегі үшіншісіне жүкті. Кіші лейтенанттың неліктен өз-өзіне қол жұмсағанын қызметтік тексеріс анықтайды. Бірнеше сараптама тағайындалды», — деді Ақтөбе облыстық мамандандырылған күзет басқармасы бастығының орынбасары Руслан Маханов.

Солтүстік Корея спортшылары XXIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын болды

Солтүстік Корея спортшылары биыл 9-25 ақпанда Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Bloomberg және Reuters ақпарат агенттіктері Пханмунджом шекара бекетінде өтіп жатқан Сеул мен Пхеньян арасында келіссөз барысында белгілі болды деп жазды. Енді Пхеньян Қысқы Ойындарға спортшылармен қатар, жанкүйерлерді және арнайы делегацияны жібереді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бүгін таңертең Пхамунджом шекара бекетінде Корея Республикасы мен КХДР арасындағы қатынастарды қалыптастыру мақсатында келіссөздер

Ақтөбеде Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының электронды нұсқасы таныстырылды

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының электронды нұсқасына шолу жасалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады. Кітапхана ұжымының

Көлігіне заңсыз қару салып жүрген ақтөбелік азамат ұсталды

Ақтөбелік азамат еш жерде тіркелмеген заңсыз қару сақтағаны үшін жауапқа тартылды. Ол аңшы мылтығын машинасына салып жүрген. Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округіне қарасты «Сарытоғай» шаруа қожалығының қасында тұрғынның «ВАЗ-21312» маркалы автокөлігінің ішінен суық қару табылған. Ол атуға жарамды, ішкі істер органында тіркелмеген, тегіс ұнғылы дара ауызды «Иж» маркалы, 16 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтаған. Заңсыз қару сақтаған азаматтың ісі Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында қаралған. Сот қаулысымен кінәлі деп танылғана

Канн фестиваліне қатысқан режиссер Ақтөбеден киностудия ашуды жоспарлап жүр

Ақтөбелік режиссер Марат Телеуов қысқаметражды «Волшебник» фильмімен Канн фестиваліне қатысты. Режиссер енді киностудия ашуды жоспарлап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Режиссер Марат Телеуов Канн фестиваліне қатысу туралы арманына қол жеткізді. Әрі инвестор іздеп жүр. Екі жұмысты бір атқарған режиссер бір жылдық еңбегін үлкен фестиваль кезінде көрсетті. 2016 жылдың наурыз айында қысқаметражды фильм толық дайын болып, сәуір айында Канн фестиваліне жолданды. Канн фестивалінде жүлделі орынға ие бола алмаған режиссер 2018 жылға

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай-газ бағасының көтерілуіне түсінік берді

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанда сұйытылған мұнай-газ бағасының көтерілуіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай-газдың (СМГ) шекті көтерме бағасы тоннасына қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алмағанда 34,319 теңгеден 38,701 теңгеге дейін ұлғайтылды. Шекті бағаларын айқындау қағидаларына сәйкес СМГ бағасы есеп айырысу, баға тоннасына ҚҚС-сыз 52 538,27 тг/т құрауы керек. Алайда, Министрлік Қағидаларының 14-тармағына сәйкес 2014 жылы ішкі нарықта

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Ербол Шорманов «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұлттық компания ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Министрдің айтуынша, компания «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен IT-стартаптар технопаркі құру үшін жұмысын жалғастыра береді. Шорманов 2015 жылдың тамызынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің орынбасары болған. Кейін басқарма төрағасының міндетін атқарды. «Астана ЭКСПО-2017» компаниясын бұған дейін басқарған Есімов