Сұхбат

Мейрам Хабиболла: Шекспирдің "Ромео-Джульеттасы" мен Киплингтің "Мауглиін" сахналағым келеді

Мейрам Хабиболла – актер, режиссер. Ол Тахауи Ахтанов атындағы драма және «Алақай» қуыршақ театрының режиссері. Шымкент, Алматыдағы өнер ордаларында өз қойылымдарын сахналап, Мәскеу, Ялта секілді қалаларда өткен біліктілікті арттыру семинарларына қатысты. Жас режиссер елімізге алғаш рет көлеңкелі қойылымды енгізді. Бірнеше фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алған жас маман Aktobenews.kz тілшісіне сұхбат берді. Диплом алып, Қазақстанның қалаларын аралауға шықтық — Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Музыка факультеті театр және хореография

Жұлдыз Қожабекова: Бұрын Ақтөбедегі айтысқа келгісі келмеген танымал ақындар бүгінде біздің жаққа елеңдеп тұрады

Ақтөбе облысының Хромтау ауданы Ақжар ауылында өсіп, мектеп қабырғасында айтысқа қатысып, кейін үлкен сахнада бас жүлде алып жүрген Жұлдыз Қожабекова мемлекеттік тапсырыспен кітап шығарып, докторантурада білім алуды армандайды. Ол Ақтөбенің айтыс сахнасында жалғыз өзі нәзік жандылардың намысын қорғап, талай додада жүлдемен оралып жүр. Ақтөбенің Жұлдызы ақындарға жақсы таныс. Ол – нәзік жандылардан жалғыз, ол — айтыскер ақын. Қолына домбыра алып, аудан мен ауыл кезіп, жырсүйер тыңдарманын қуантқан Жұлдыз Қожабекова ақын

Мен ән сатқан адам емеспін – ақтөбелік әнші Дулат Айтжанов

Әнші, сазгер Дулат Айтжанов Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Борлы ауылында туып-өскен. Ол қазір Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның дыбыс студиясында жиі отырады. Ән жазып, өңдейтін сазгер Aktobenews.kz сайтына сұхбат берді. — Астанада өткен Ақтөбе күндерінде жаңа әніңіздің тұсауы кесілді. Қанша әніңіз бар және олар жиі орындалып жүр ме? — Қанша ән жазғанымды есептеген жоқпын. Барлығы 50-ден астам ән жаздым. Кейбірі әлі жарық көрмеді. Қалада өтіп жатқан мәдени шараларда «Жаса Қазақстан»,

Ойылдың балын Астана мен Алматыдан тапсырыспен алып жатыр

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында алғаш болып бал шаруашылығын қолға алған кәсіпкер Ғалимарданбек Есенаманов бір жылда 1 тонна 200 келі өнім жинады. Омарташының ендігі ойы гүл егіп, араның бал жинауына жағдай жасау, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. — Бал шаруашылығы таныс әрі бейтаныс кәсіп. Омарташы болуға не түрткі болды? — Ақтөбе қаласында арамен ем жүргізетін Мәжит Оспанов маған бал шаруашылығын дамыту идеясын айтты. Алғашында «үш ұйықтасам түсіме кірмеген» шаруашылықты бастау қиынға соқты.

Ирандағы қазақтар Қазақстанға оралуды армандайды - Мохаммад Тани

Ақтөбеге білім олимпиадасына келген Мохаммад Тани қазақ тілінде сөйлейді, бірақ жазу білмейді. Ол 12 жасынан намаз оқып, қазақтың салт-дәстүрін бойға сіңіріп өсті. Болашақта спортшы болуды армандайтын қандасымыз ата-анасының, Ирандағы барша қазақтың атажұртқа оралуды армандайтынын Aktobenews.kz тілшісіне айтып берді.  — Мохаммад Тани, қазақ тілін қалай үйрендің? — Иранда қазақ мектебі жоқ. Біз тілді ата-анамыздан үйренеміз. Ирандағы қазақтар ана тілін атадан балаға мирас етіп қалдырып, үйретіп келеді. Соңғы жылдары тіліміз ұмытылып барады,

Ақтөбелік маман еліміздегі үздік мемлекеттік қызметші байқауының жеңімпазы атанды

Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Бертілеуова еліміздегі ең үздік мемлекеттік қызметші байқауының жеңімпазы атанды. Ол адалдық, жауапкершілік, әділдік, шынайылық, белсенді өмірлік көзқарас, кәсіби білім мен біліктілік мемлекеттік қызметшінің бойынан табылатын басты қасиеттер деп санайды. Үздік қызметкер Aktobenews.kz тілшісіне шағын сұхбат берді. Қазір ол Астана қаласында жүр. – Үздік мемлекеттік қызметші байқауының іріктеу кезеңінде қандай сынақтан өттіңіз? Өз ісінің шеберлері арасынан қара үзіп шығу үшін қандай тапсырмаларды орындау

Әндеріме арнап сайт ашамын – Бақтығали Жұмалин

«Бақыт деген…», «Аққулар, қош болыңдар», «Көзіңнен айналайын» атты әндердің авторы, композитор Бақтығали Жұмалин қазір Халық шығармашылығы үйіндегі «Жазира» ұлт-аспаптар ансамблінің жетекшісі болып жұмыс істейді. Оның әндерін Айжан Нұрмағамбетова, Бақыт Шадаева орындап, халыққа танылған болатын. Алматыдай өнер ортасында емес, Ақтөбеде жүріп ел мақтаған әндерді жазған композитормен Aktobenews.kz тілшісі кездесіп келді. — Атақты композитор Бақтығали Жұмалиннің туған жері мен өскен ортасын білгіміз келеді… — Атырау облысы, Қылылқоға ауданындағы Мұқыр стансасында туып, өстім.

Молодой Тудта он мың қазақ жауынгері жатыр

Жақында  бір топ ақтөбелік  Ресейдің Тверь облысы орталығы – Ржев қаласы, Оленин ауданы Молодой Туд деревнясында  болып, осында  қазақ сарбаздары жатқан бауырластар зиратына барып  дұға бағыштады. Алматыдан жасақталған 100-ші және 101-ші  ұлттық бригаданың 10 мың жауынгері   түгелдей дерлік осы жерде ажал құшты. Бұлар – 1942 жылдың күзінен 1943 жылдың ортасына дейін «Ржев үшбұрышы» атанған аумақта Жуковтың пәрменімен басталған «Марс» операциясында күш тең емес неміс әскерлерімен бетпе-бет қалды. Мәншүк Мәметова, Әзілхан

Облыстың бас ұстазы Сәуле Өмірбекова: «Мектепті сағынған кезде барып, сыртынан қарап кетемін...»

Сәуле Өмірбекова қазақ тілін қалай үйренгенін, лауазымды қызметтерден гөрі жанына педагогтық қызмет жақын екендігін және өзі жеткен жетістіктердің құпиясы неде екенімен бөлісті.  Қазақстан интеллектуалды ұлт болу бағытына бет алды. «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасының негізгі мақсаты — Қазақстанды бәсекелестік қабілеті жоғары адам капиталына бай елге айналдыру. Бұл бағытта педагогтарға үлкен міндет жүктеледі. Ұлт болашағының тәрбиешілері мен  ұстаздары оқушыларды жаңа формацияға тәрбиелеу, білім беру жүйесін инновациялық дамыту бағытында жауапты миссияны

Ninety One тобының әншілері: Біз өзімізді Q-pop-тың негізін салушымыз деп айта аламыз

«Media Pro» продюсерлік орталығы ұйымдастырған жазғы лагерьге қатысушы балалар жастар сүйіп тыңдайтын Ninety One тобының әншілерімен кездесті. Балалар үшін арнайы келген топ мүшелері бір сағат бойы кішкентайлардың әртүрлі сұрақтарына жауап беріп, кешкі самалмен концерт қойды. Бір қызығы, балалар бұл топ туралы бәрін біледі екен. Жігіттердің руынан, тума-туыс, бауырларынан, тұратын жері, жас ерекшеліктері, сүйіп тыңдайтын әндерінен бастап, аяқ киімдерінің өлшемі, кімге қандай шаш үлгісі, қандай түс ұнайтатынына дейін жатқа біледі екен.