Қазақстан

АҚШ Қазақстанды Орталық Азиядағы әлеуетті стратегиялық әріптес ретінде қарастырады

Бұл туралы бүгін Ақ үйде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екеуара кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасау барысында Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Құрметті, Президент! Сіз ел тізгінін ұстағалы маңызды жұмыстар атқардыңыз. Ақ үйде Сізді қабылдау мен үшін абырой. Менің шақыртуымды қабылдап, осында келгеніңіз үшін алғыс айтамын. Ширек ғасырға жуық уақыттан бері АҚШ тарапы Қазақстанды Орталық Азиядағы тәуелсіз, егемен, әлеуетті стратегиялық әріптес ретінде қарастырып келеді. 1991 жылы

Қазақстан халқын мазалайтын үш негізгі мәселе белгілі болды

Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығының директоры Юлия Кучинская қазақстандықтарды мазалайтын ең негізгі үш мәселені айтты, деп хабарлайды Baq.kz. «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығы республика аумағы бойынша 1 600 респондент пен демократиялық күштер коалициясының сарапшылары арасында сауалнама жүргізген. Сауалнама нәтижесінде қазақстандықтарды мазайлайтын 3 мәселе анықталды. Брифинг барысында Юлия Кучинская сауалнаманың 67 елдімекенде (қала мен ауыл аралас) жүргізілгенін айтты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді

Қазақстан Президенті брифинг барысында Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны үшін Дональд Трампқа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы келіссөздердің нәтижелеріне оң баға бере отырып, Қазақстан мен АҚШ-тың өзара қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелеріне тоқталды. – Менің сапарымның нәтижесінде Қазақстан-Америка қатынастарын кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру жөнінде шешім шығаратынымызға сенімдімін. Осыған орай біз бүгін Астана мен Вашингтон арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа дәуірін бастайтын тиісті бірлескен саяси мәлімдеме қабылдадық, – деді Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп стратегиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді - ҚР СІМ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональ Трамптың Ақ үйдегі кездесуі қазақстандық-америкалық ынтымақтастықтың басты басымдықтарын анықтап береді. ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Жұмағұлов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Бұл — Қазақстан Президентінің жаңа әкімшілік іске кіріскелі бері Вашингтонға тұңғыш сапары. Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп Эр-Риядта өткен «Ислам әлемі — АҚШ» саммитінде тілдесіп, сонымен бірге телефон арқылы сөйлескен болатын. Ақ үйдегі осы

Әуезов атындағы драмтеатр директоры Ерлан Біләл 1 250 000 теңге кепілмен босатылды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директоры Ерлан Біләл 1 250 000 теңге кепілмен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2018 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотының тергеу судьясы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директорына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілге алу туралы шешім шығарды. 1 миллион 250 мың теңге көлемінде кепіл төленді», — деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылар. «Сотқа дейінгі тергеу органдарының

"Не істеуім керек?". "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетіндерге кеңес

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспаналы болғысы келетіндер не істеуі керек?». Tengrinews.kz редакциясының сауалхатындағы осы сұраққа ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Сара Құрманғожина жауап берді. Маман бағдарламаның негізгі бес бағыты бойынша баспаналы болу үшін не істеу қажет екенін түсіндірді. Бағдарламаның ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру деген бағыты бойынша кез келген жеке тұлға: — банкке нарықтан бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген

ҚР және АҚШ президенттерінің келіссөздері Ауғанстан бойынша диалогтың форматын өзгертуі мүмкін

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамптың келіссөздерінің қорытындылары бойынша Ауғанстан мәселесі бойынша диалогтың форматы өзгеруі мүмкін. Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбеков «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен сұхбатта осындай пікір айтты. «Сапардың басты мақсаты біздің республика басшылығы мен АҚШ-тың жаңа әкімшілігі арасындағы байланыстарды нығайту, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ-тың саяси, экономикалық истеблишменттері арасындағы қарым-қатынасты дамыту болып табылады. Сарапшылар қоғамдастығында әзірше сапардың толық бағдарламасы жоқ. Дегенмен, бағдарламаның шырқау

Назарбаев ресми сапармен Вашингтонға барды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Вашингтонға барды деп хабарлады 16 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі. Назарбаев сапар барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен, ресми және іскер топ өкілдерімен кездеспек. Назарбаев 16-18 қаңтар аралығындағы сапарында сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынына да қатысады. Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз қызметі Вашингтонда екі ел президенті аймақтық қауіпсіздік, экономикалық мәселелер мен АҚШ-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты талқылайтынын, бірнеше халықаралық мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды сөз ететінін хабарлаған.

"Халық қамын ойлайды": Владимир Божко Ақтөбе облысының әкімін мақтады

Бүгін үкімет сағатында мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмысына оң баға берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі. Бердібек Сапарбаев Үкімет сағатында шенді-шекпенділерді үнемі сынға алатын депуттар бүгін, облыс әкімдерінің бірін мақтап, оны «халықтың қамын ойлайтын әкім» деді. Владимир Божконың пікірінше, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлгіндей «атаққа» әбден лайық екен. «Бекетаевтың айтысына қарағанда, тек Ақтөбе облысында ғана сот медицина сараптамасы ғимаратының құрылысына ақша бөлініп, әкімдік аталған

Трамп пен Назарбаев қандай мәселелерді талқылайды?

АҚШ президенті Дональд Трамп қаңтардың 16-күні Ақ үйде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, деп жазады «Азаттық». Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, Вашингтонда екі ел президенті аймақтық қауіпсіздік, экономикалық мәселелер мен АҚШ-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты талқылайды. Назарбаев пен Трамп бірнеше халықаралық мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды сөз етеді. Ал Қазақстанның мемлекеттік ақпарат агенттіктері екі ел президенті Ресеймен қарым-қатынас, Сириядағы соғыс және сауда мәселелерін талқылайтынын хабарлады. Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының сарапшысы Санат Көшкімбаевтың