Басты жаңалықтар

Ninety One тобының әншілері: Біз өзімізді Q-pop-тың негізін салушымыз деп айта аламыз

«Media Pro» продюсерлік орталығы ұйымдастырған жазғы лагерьге қатысушы балалар жастар сүйіп тыңдайтын Ninety One тобының әншілерімен кездесті. Балалар үшін арнайы келген топ мүшелері бір сағат бойы кішкентайлардың әртүрлі сұрақтарына жауап беріп, кешкі самалмен концерт қойды. Бір қызығы, балалар бұл топ туралы бәрін біледі екен. Жігіттердің руынан, тума-туыс, бауырларынан, тұратын жері, жас ерекшеліктері, сүйіп тыңдайтын әндерінен бастап, аяқ киімдерінің өлшемі, кімге қандай шаш үлгісі, қандай түс ұнайтатынына дейін жатқа біледі екен.

Жаманқұлов көшесіндегі «жаман» үйге ие керек (ФОТО)

Тұрғын үй инспекциясының мамандары қаланың көпқабатты үйлерінің қысқа дайындығын тексеруді жалғастырып жатыр. Бүгін олар Жаманқұлов көшесіндегі №15-ші үйге барды. Бұрын жатақхана болған бұл үй апаттық жағдайда тұр. Әрі пәтер иелерінің көпшілігі баспананы жалға беріп қойған. Ал, пәтерлерді жалға алып отырғандардың арасында маскүнемдер, жұмыссыздар, есірткі тұтынушы ретінде есепте тұрғандар бар. Сондықтан, көршілері «бұл жаман үйді айналып өтеміз» дейді. Ешқандай пәтер иелері кооперативінің немесе кондоминуимнің есебінде жоқ үйге иелік етіп, тәртіп орнату

Ақтөбе қаласының әкімі балалар алаңын қай аулаға салу қажеттігін тұрғындардан сұрады

Әкім жуық арада салынатын үш балалар алаңын қай жерге орналастыру қажеттігі туралы көпшілік ұсынысына жүгінетінін айтты. Ақтөбе қаласының жаңа басшысы белсенді жұмысқа көшті. Әкім әлеуметтік желідегі тұрғындар ұсынысына көп көңіл бөлетіндігін осыған дейін көрсетіп жүр. Ол жаңбырлы күндері Ақтөбе көшелерінің балшығын кешіп, жастармен көше тазалауға да шыққан болатын. Әкімнің көмекшілері мен қала жастары бұл жұмыстарды әлеуметтік желіге жарыса жүктеп, ризашылықтарын білдіріп жатты. Енді Ақтөбе қаласының жаңа әкімі өзін тағы бір

Ақтөбеде терроризм бабымен сотталғандар «дүниеміз заңсыз тәркіленді» деп дауласып жүр

Сотталған азаматтардың үйсіз қалатын әйелдерін басқа мұсылмандар қамқорлыққа алған. Әйелі мен бала-шағасын ертіп, Сирияға жолға шыққандардың қатарында бір үйдің бес адамы болған. Қолға түскен олар тергеуге алынып, қауіпті әрекеттері үшін 6 жылға сотталып кеткен болатын. Сот олардың дүние-мүлкін де тәркілеуге үкім шығарды. Сотталғандардың туыстары соттың бұл шешімімен келіспей, үйдің тәркіленуі заңсыз деп сотқа шағымданып жүр. «Біз заңгерлердің кеңесіне жүгініп отырмыз. Апелляциялық шағым жазғыздық. Олар үйді тәркілеудің заңға қайшы екенін айтып

Сирияға отбасымен аттанғандардың апелляциялық шағымы қанағаттандырылған жоқ

Ақтөбеден Сирияға бармақ болған 12 адам сот үкіміне наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсірген. Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ерлан Бақытжан олардың барлығының да мүлкі тәркіленетін айтып, қылмысты қайталап жасаған Сәрсенбаевты 8 жыл қатаң режимдегі абақтыға, қалғандарына 6 жыл жазаны жалпы режимдегі абақтыда өтеуге үкім шығарған болатын. Сотталғандар мен олардың қорғаушылары сот үкімімен келіспей, оларды ақтау және тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұраған. Апелляциялық сот алқасы келтірілген айыптау деректерінің дәлелді екенін қайталап, үкімді өзгертуге

Ақтөбеде жиһадқа үндеген үшеу 6 жылдан  8  жылға дейін бас бостандығынан айырылды

Дәстүрлі дін ұстанушылар тыйым салынған сайттардағы өзін жарып өлтіріп жатқан «шаһид» жасау бейнероликтерімен бөліскен. Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы Зинаида Шмирова ҚР ҚК-нің 256- бабының 2-бөлігі, 174-бабының 1-бөлігімен айыпталған Төлебай Мәжитов, Ерқожа Аманғожин және Мейрамбек Тұрғанбаевқа қатысты сот үкімін шығарды. Олар телекоммуникациялық желелерді пайдалана отырып, терроризмді насихаттаған. Әлеуметтік желі арқылы діни алауыздықты қоздырған. Сотта Төлебай Мәжитовтың дәстүрлі дін ұстанушы бола тұра тыйым салынған сайттарға кіргені айтылды. «Это письмо муджахедак своей

Ақтөбеде оқушыларды оқулықпен қамту үшін 729,8 млн. теңге бөлінді

Білім беру ұйымдарының 2016-2017 жылғы жаңа оқу жылына дайындығы туралы мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен облыстық әкімдікте өткен жиында қаралды деп хабарлайды облыстық әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекованың айтуынша, өңірдегі 1077 білім беру ұйымының жаңа оқу жылына дайындығы толық бақылауда. 1-қыркүйекке қарай  білім саласының жаңа 4 нысаны —  үш мектеп және бір балабақша пайдалануға берілмек. Қазір өңірде білім саласының тоғыз ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. 68

Ақтөбеде 9 күнде 4 басқарманың басшысы ауысты

Ақтөбеде тамыздың бірі мен тоғызы аралығында 4 мемлекеттік мекеменің басшылығы ауысты. Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бұрынғы басшысы Салават Вахитов тамыздың бірінен бастап «Ақтөбе облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды. Ал тамыздың бесі күні екі бірдей ведомствоға жаңа басшылар тағайындалды — Ақтөбе облысының жерлерін пайдалануды және қорғауды бақылау басқармасы және Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы. Бұл мекемелерді облыс әкімі аппаратының экс

Баландин — жүзу бойынша алғашқы қазақстандық Олимпиада чемпионы!

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында ерлер арасында біздің спортшы Дмитрий Баландин ел қоржынына екінші алтын медаль салды! Ол 200 қашықтыққа жүзуден финалдық сайыс кезінде 2:07,46 көрсеткішімен мәреге жетіп, жүзу бойынша алғашқы қазақстандық Олимпиада чемпионы атанды! — Мен шеткі жолақпен жүздім, сондықтан маған ешкім кедергі болған жоқ, тек нәтиже үшін жұмыс істедім десем де болады. Менің елім үшін бұл жүзу спортынан алған алғашқы алтын, сондықтан, бұл жеңіс жүзу спортының дамуына серпін береді деп

Нижат Рахимов: «Алтын алу үшін қанша келі болса да, көтеруге дайын болдым!»

Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың бесінші күні қазақ халқына сүйінші хабар сыйлады: 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Нижат Рахимов ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды! Нижат қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтиже көрсетті. Қазақтың Көк Байрағы көкке көтерілгенде Нижат көз жасын ірке алмады: —  Осы сәтте менің барлық өмірім көз алдымнан өткендей болды, осы мақсатқа жету үшін мен қанша еңбектендім. Бұл менің арманым еді. Жұрттар ұйықтап жатқанда біз жаттығу жасадық,