Ақтөбе облысында шалғай ауылдағы мал өліміне қатысты тексеру жұмыстары қолға алынды

Ақтөбе облысында шалғай ауылдағы мал өліміне қатысты тексеру жұмыстары қолға алынды

Ақтөбе облысының шалғай ауылындағы мал өліміне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстың бас ветеринары Кеңес Қанатбаевтың айтуынша, биыл қардың аз болуына байланысты тұрғындар малды далада бағып келеді.

«Жергілікті мал дәрігерлері малдың ас қорыту жүйесінің жұмыс жасамауының салдарынан өлім-жітімге ұшырағанын айтады. Оған малды сойып қараған кезде көз жеткізген. Кешегіде өзім барып қайттым. Тұрғындармен, мал иесімен, ауыл әкімімен кездестім», — дейді Кеңес Қанатбаев.

Айта кетейік, Мұғалжар ауданының Бұлақты ауылында мал өлді деген ақпарат кеңінен тарап кеткен болатын. Облыстың бас ветеринары ресми түрде қазіргі таңда тек бір баспақ өлгенін хабарлады.

Пікір қалдырыңыз