Абылайхан Наурызбаев, Мемлекеттік қызмет агенттігі департаментінің қызметкері: «Сыйға сатпа арыңды…»

Абылайхан Наурызбаев, Мемлекеттік қызмет агенттігі департаментінің қызметкері: «Сыйға сатпа арыңды...»

Сыбайлас жемқорлық атты қоғам жауымен күресу ол біздің барлығымыздың азаматтық борышымыз. Бұл дерт қоғамның барлық саласына кері әсерін тигізіп, халықтың заң мен әділдікке, билікке деген сенімін жоятыны рас.

Жасыратыны жоқ,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр.
Бізге, мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті орган ретінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлықтың көрініс табуы өте өкінішті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталып отырған салада халықаралық тәжірибені зерттей келе сыбайлас жемқорлықтың зардабымен емес, оның алдын-алу қажеттігі, яғни қылмысты болдырмауды басты мақсат етті. Ол үшін өздеріңіз білесіздер, осы салада 2015 жылы жаңадан заңнамалар қабылданды. Қазіргі таңда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат үш бағытта жүреді. Олар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және жазалау шаралары.

Осы мақсатта біздің департамент қоғам тарапынан қолдау тауып, бұқаралық ақпарат құралдарымен және Департамент жанындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуын бағалау және сыртқы талдау бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен бірлесе отырып, Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет бабында сыйлықтарды немесе көрсетілетен қызметтерді қабылдау фактілеріне жол бермеу мақсатында профилактикалық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, сыбайлас жемқорлықтың бір көрінісі ретінде мемлекеттің қызметшілердің өзге тұлғалардан сыйлық алу мәселесін айтуға болады. Мемлекеттік қызметші ант қабылдап, халыққа адалдығын білдірген соң сыйлық қабылдамағандары абзал. Себебі, ол тиісті жауапкершіліктерге әкеп соғады. Мысалы, құны екі айлық есептік көрсеткіштен (4538 тенге) аспайтын сыйлықты қабылдаған тұлғаға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 677 бабына сәйкес алты жүз айлық есептік көрсеткіш (1 361 400 тенге) мөлшерінде айыппұл салу өкілеттілігі бар. Ал, сыйлық құны екі айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, әрекет пара ретінде саналып, қылмыстық қудалауға әкеп соғуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметшіге білмей келiп түскен сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға тапсырылуы тиіс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқығы бар.
Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың үшінші бағыты – яғни жазалау шаралары.

Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне келетін болсақ, біз сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбейтін адал ұрпақ тәрбиелеу мақсатында мектептен, бала бақшадан бастап тәрбиелік мәндегі жұмыстарды жүргізудеміз.

Себебі, бүгінгі бала – ертеңгі мемлекеттік қызметкер. Біз, ата-аналар балаларымызға қандай тәлім-тәрбие беріп өсірсек, баламыз соншалықты азамат болып өсетіндігі шындық. Ата-анасының басқа біреуге пара беріп жүргенін көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп қабылдайды. Бой жеткенде ол баладан мемлекеттің, халықтың қамын ойлайтын нағыз азамат шыға ма, әлде жеке өзінің қалтасын қамын ойлайтын шенеунік шыға ма? Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені жөн.

Қорыта келе, Елбасының сөзімен айтар болсақ «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да, жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен».

 

1 пікір


  1. Көбіне биліктің əлсіз тұстары біз мемлекеттік əкімдікке аппаратты басқаруға басқа жерден қызметкер қоямыз. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің осындай білімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атқарған азаматтарды аппарат басшсысы етіп бəрін өзгертуге болады. Аппарат басшысы бұл əр деңгейдегі жағымпазданудан жəне мемелкеттік қызметкерлердің жемқорлыққа төзгісіз мəдениетін қалыптастыруда үлкен үлес қосады деп сенімді айта аламын.

    Жауап беру

Пікір қалдырыңыз