УЕФА Суперкубогінің иегері атанған «Қайрат» шағын футболдан «Ақтөбені» жеңе алмады

УЕФА Суперкубогінің иегері атанған «Қайрат» шағын футболдан «Ақтөбені» жеңе алмады

Соңғы кездері шағын футболдан қазақстандық чемпионатта «Ақтөбе» мықты қарсыласқа айналды.

10 қаңтар күні «Ақтөбе» шағын футбол командасы әйгілі «Қайратпен» кездесті. Ойын Ақтөбедегі «Қоныс» спорт сарайында өтті.

Алғашқы тайм әсерлі болмады. Екі команданың ойыншылары төрешілердің шешімдеріне наразылық танытты. Тек екінші таймның соңында «Ақтөбе» екпінді шабуылға көшті. Соның нәтижесінде Қайрат Иманалин бір гол соғып, «Ақтөбеге» үш ұпай алып берді.

11 қаңтар күні аталған екі команда арасында екінші ойын басталды. «Қайрат» есе қайтарғысы келді. Дегенмен, «Ақтөбе» өз күшіне сенімді болды. Сөйтіп, Эвертонның арқасында бір гол соғылды. Бірте-бірте «Қайрат» ойынды теңестіре білді. Соның нәтижесінде қақпашы Игита «Ақтөбеге» гол соқты.

Үзілістен кейін «Қайрат» допты меншіктеп алғандай, алаң ортасында пас алмасып жүрді. Сөйтіп, алматылық команда екінші гол соғады. Алайда, ақтөбеліктер намысты қолдан бермей, есепті теңестірді. Осылайша, УЕФА Суперкубогінің иегері атанған «Қайрат» бір жыл бұрын «Ақтөбе» болып құрылған команданы тағы мәрте жеңе алмады.

Фото: sports.kz

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз