Сауд Арабиясы әйелдерге виза беру ережесін жеңілдетпек

Сауд Арабиясы әйелдерге виза беру ережесін жеңілдетпек

Сауд Арабиясы билігі 25 жастан асқан әйелдерге бір реттік виза бермек. Шетелдік әйелдер бұл визамен Сауд Арабиясына бір өздері кіре алады. Бұл заң 2018 жылдың алғашқы жартысында күшіне неді. Бір реттік виза 30 күнге беріледі.

Бұған дейін Сауд Арабиясына шетелдік әйелдер тек некедегі ерімен не туысқан ер адаммен ғана кіре алатын. Енді бұл талап тек 25-ке толмаған әйелдерге ғана қойылады.

Сауд Арабиясының туризм жөніндегі мемлекеттік комитеті бұл ереже елге туристерді тарту үшін жасалып жатқанын хабарлады. Сауд Арабиясы королінің мұрагері Мохаммед бин Салман өткен жылдан бері елде ауқымды реформа бастаған. Елде әйелдерге көлік жүргізуге, стадионға кіруге рұқсат беретін заң қабылданған. Бұл шешімдер де биыл күшіне енуі тиіс.

Azattyq.org

Пікір қалдырыңыз