Ілияс Испанов Ақтөбеде екі сәбиді қырқынан шығарып, шашы мен тырнағын алып берді

Ілияс Испанов Ақтөбеде екі сәбиді қырқынан шығарып, шашы мен тырнағын алып берді

Ақтөбе қаласының әкімі әкесіз өсіп жатқан қос сәбиді қырқынан шығару рәсіміне қатысты.

Осы кезге дейін 100-ден астам ананы қамқорлығына алған «Аналар үйінің» осы жолғы қонағы қала әкімі Ілияс Испанов болды. Әрқашан ұлттық жөн-жоралғылар жасалатын орталықта қала басшысы екі сәбиді қырқынан шығарды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Панақызы ұлдарымызды арнайы дайындалған қырық қасық суға түсірсе, кейін қала әкімі шашы мен тырнағын алды. Кішкентай екі бөбегіміз Ярослав пен Эльнур үлкен азамат болып, әкімнің жолын берсе екен деп тілейміз», — дейді орталық басшысы Таңсұлу Лакова.

Қуанышты сәтке құр келмеген қала басшысы балаларға ұлттық үлгідегі костюм мен түрлі сыйлықтар тарту етті.

 

Пікір қалдырыңыз