Ақтөбе облысында бастауыш сынып оқушыларының да орамал шешкілері жоқ

Ақтөбе облысында бастауыш сынып оқушыларының да орамал шешкілері жоқ

Алға ауданына қарасты Бестамақ орта мектебінде де ата-аналар орамалды шешуге қарсы болған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Бестамақ орта мектебіндегі орамал тағатындардың саны — 18. Араларында бастауыш сынып оқушылары да бар. Орамал шешуге олардың ата-аналары қарсы.

«Біз ата-аналармен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Тіпті, кішкентай бүлдіршіндердің балиғат жасқа толмағандарын айтсақ та түсінгілері келмейді», — дейді мектеп директоры Анар Ғасырқызы.

Жалпы, Алға ауданы бойынша орамал тағатын оқушылардың саны 50-ге жуық.

Көрнекі сурет: kloop.kg

1 пікір


  1. Біз ата-аналармен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Деп жазылған. Кім түсіндірген? Өзі тақырыпты толық меңгерген адамба әлде әкім шапкадан бермесін деп галочка үшін дырылдатып бірдемесе оқып берген шенеуикпа? Неге діни жүргізбейди бұл жұмыстарды?

    Жауап беру

Пікір қалдырыңыз