Ақтөбедегі жұмыспен қамту орталықтары атаулы әлеуметтік көмекке қажетті құжаттарды қабылдап жатыр

Ақтөбедегі жұмыспен қамту орталықтары атаулы әлеуметтік көмекке қажетті құжаттарды қабылдап жатыр

Ақтөбедегі жұмыспен қамту орталықтары атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың құжаттарын қабылдап жатыр. Биыл атаулы әлеуметтік көмек үшін 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биыл әлеуметтік көмек екі жолмен беріледі. Олар: шартты және шартсыз әлеуметтік көмек. Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек отбасында мүдегек жан болған жағдайды беріледі. Сонымен қатар, жұмыс істей алмаймын, оның ішінде бала күтімімен отырған жалғызбасты аналар, мүгедектерді бағып отырған адамдар қатарға енді. Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан басталады. Бір тоқсанға ғана тағайындалады.

«Шартты ақшалай көмек те беріледі. Аз қамтылған отбасы мүшесіне алдымен жұмыс ұсынылады. Келісім шарт жасалады. Шартты көмек алатындар мекеме ұсынған жұмыс орнына баруға міндетті. Қазір аудандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тұрғындар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы жиі сұрайды. Егер ол 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 4 баласы болып, жәрдемақы алып отырса, әрі қарай ала береді. Егер отбасында 3 бала болып, 2018 жылы төртінші сәби дүниеге келсе, оған атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады», — деді Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.

Айта кетейік, жұмыспен қамту орталықтарының бәрі құжат қабылдау жүргізіп жатыр. 2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 798,5 миллион теңге қарастырылды. Жергілікті бюджеттен 480,7 миллион теңге бөлінді. 

Пікір қалдырыңыз