Ақтөбеліктер SMS хабарлама арқылы туу туралы куәлікке тапсырыс беріп жатыр

Ақтөбеліктер SMS хабарлама арқылы туу туралы куәлікке тапсырыс беріп жатыр

Ақтөбеде сәбилерге SMS хабарлама арқылы туу туралы куәлікті рәсімдеуге болады. Бұл қызметті алғаш рет Бибігүл Аймағамбетова пайдаланды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Елімізде туу туралы куәлікке смс хабарлама арқылы тапсырыс беруге болады. Осы аптада www.egov.kz сайтын пайдаланған алғашқы ақтөбеліктің аты-жөні белгілі болды. Сәбидің анасы Бибігүл Аймағамбетова мобильді жолды таңдаған.

Айта кетейік, сәбидің туу туралы куәлігін алу үшін SMS хабарлама жолдауға болады. Перхентханада жатып, балалы болған жас ананың ұялы телефонына бірден хабарлама келіп, құттықтау жолданады. Кейін Электрондық үкімет порталының қызметтері ұсынылады. Проактивті қызметтердің қолданушысы болу үшін Электрондық үкімет порталындағы мобильді азаматтардың базасында тіркелі қажет. Жеке кабинетті арқылы туу туралы куәлікке тапсырыс берген Бибігүл Аймағамбетованы бүгін Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі құттықтады.   

Пікір қалдырыңыз