Ілияс Испанов үкіметтен арзан үй алып, оны жалға беретіндерді «қуып шығатынын» ескертті

Ілияс Испанов үкіметтен арзан үй алып, оны жалға беретіндерді "қуып шығатынын" ескертті

Ақтөбеде мемлекеттен жеңіл жолмен үй алып, өзгелерге жалға бергендер пәтерлерінен шығарылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың тапсырмасына сай, коммуналдық меншіктегі үйлерді мемлекеттен жалға алған азаматтардың ол үйлерде өздерінің тұруы және коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеуі тексерілді.

«Негізінен, аталған азаматтар жалға алынған үйлерде өздері тұрады. Алайда, келісім шартта көрсетілмеген тұлғалардың тұруы жайттары да анықталды. Ол жайттар бойынша келісім шарттар бұзылып, пәтерлер басқа мұқтаж азаматтарға берілетін болады», — деп хабарлайды қала басшысының баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз