Ақтөбеде саяжай аумақтары жеке тұрғын үй құрылыстарына айналып жатыр

Ақтөбеде саяжай аумақтары жеке тұрғын үй құрылыстарына айналып жатыр

Ақтөбеде қала маңындағы бау-бақша ұжымдарының нысаналы мақсаты өзгертіліп жатыр. Енді саяжайлардың кейбіріне жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге болады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласы маңындағы саяжайларды түгелдеп, кейін құрылыс талаптарын орындаған аумақтардың нысаналы мақсаты өзгертіліп жатыр. Ақтөбе қалалық әкімдігі құрылыс ережелерін сақтаған «Актюбсельмаш-6», «Ұстаз» бау-бақша ұжымдарының нысаналы мақсатын өзгерту құжаттарын рәсімдеуді бастады. Өңірде барлығы 30 саяжай ұжымымен кездесу өткізілген. Өткен жылы барлығы 500 үй бау-бақша ұжымынан шығарылып, нысаналы мақсаты жеке тұрғын үйге ауыстырылды.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласы маңында барлығы 334 бау-бақша ұжымы бар. Онда 32 мыңнан астам адам тұрады. Қалалық әкімдік саяжайларды қайта қарап, басқарушы компаниялармен бірге 107 ұжымды тіркеді. Кейбірі рұқсатсыз үй салып, қоныстанған болса, кейбір тұрғындар заңды құжатын реттеп алған. Көбі газ құбырын жеткізе алмаған. Ал суды құдықтан алып отыр. Әрқайсысы жеке ұңғыма қазып, электрлі матормен су алады. 

Пікір қалдырыңыз