Ақтөбеде тағы бір спорттық-патриоттық клубы ашылды

Ақтөбеде тағы бір спорттық-патриоттық клубы ашылды

«Нұр Ақтөбе» ауданында Ауған соғысы интернациалист жауынгерлері қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен «Намыс» спорттық-патриоттық клубы ашылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Мұндай нысан өскелең ұрпақтың елге, қалаға сүйіспеншілігін арттыруға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, олардың психологиялық тұрақтылығын дамытуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді», — деді қала басшысы Ілияс Испанов.

Клуб «Нұр Ақтөбе» ауданындағы №11 үйдің төменгі қабатында орналасқан.

Пікір қалдырыңыз