Ақтөбеде әскери қызметкерлер мұқтаж жандарға қан тапсырды

Ақтөбеде әскери қызметкерлер мұқтаж жандарға қан тапсырды

Ақтөбеде әскери қызметкерлер қан тапсырды. «Көмек қолын соз» акциясына облыстық қорғаныс iстерi жөнiндегi департамент қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Аktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде әскери қызметкерлер мұқтаж адамдарға көмек көрсету, донор мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Көмек қолын соз» акциясы өткізді. Акцияға Ақтөбе облысы қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi мен Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасының әскери қызметкерлері қатысты.

«Әскери қызметкерлер адам өмірін сақтап қалу, қан қорын жинақтауға үлес қосты. Олар акция арқылы өзге адамдарға үлгі болып, қайырымды іс жасауға шақырды. Күн-түн демей жұмыс істейтін әскери қызметкерлер акцияны үрдіске айналдырады», — деді облыстық қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнің баспасөз қызметкері Әсет Жомарт.

 

Пікір қалдырыңыз