Бердібек Сапарбаевтың суретін салған балалар үйінің тәрбиеленушісі әкімге туындысын табыстағысы келеді

Бердібек Сапарбаевтың суретін салған балалар үйінің тәрбиеленушісі әкімге туындысын табыстағысы келеді

Мәртөк ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі Сергей Федин облыс әкіміне алғысы ретінде өзі салған суретті сыйлағысы келеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аудандағы өнер мектебінің оқушысы Сергейдің жасы 14-те. Сурет салуға әуестігі бар балалар үйінің тәрбиеленушісі облыс әкіміне құрмет ретінде портретін салған.

«Сурет салуға 4 күн уақытымды жұмсадым. Ерекше шеберлігімді қосып, әдемі шығу үшін барымды салдым. Біздің үйдің ашылуында болған Бердібек Сапарбаев біз үшін ерекше тұлға. Егер облыс әкімі Мәртөк ауданына сапармен келіп жатса, мен осы сыйлығымды табыстағым келеді», — дейді жас суретші.

Сергей сурет өнерінен бөлек бокспен шұғылданады. Облыстық турнирлердің жеңімпазы. Асыл арманы Геннадий Головкин сияқты боксшы болу. Бокс саласына өмірін арнап жаттықтырушылық қызметте атқарғысы келеді.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз