Ақтөбеде Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының электронды нұсқасы таныстырылды

Ақтөбеде Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының электронды нұсқасы таныстырылды

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының электронды нұсқасына шолу жасалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.

Кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен болған шарада «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы облысымыздың  зиялы қауым өкілдері арасындағы таныстырылуы  бейне ролик арқылы көрсетілді. Шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар «Тәуелсіздік дәуірі — егеменді елдің шежіресі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге елбасының бұған дейін шыққан кітаптары, мерзімді басылымдарға жарияланған материалдары қойылды.

Пікір қалдырыңыз