Ақтөбе полицейлері 50 жастағы адамды қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр

Ақтөбе полицейлері 50 жастағы адамды қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр

Тәртіп сақшылары «Рауан» тұрғын үй массивінде бүгін таңертең адам қағып кеткен көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 50 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Әзірге жүргізушінің жеке басы анықталмаған, көлік маркасы да белгісіз. Оқиға орнынан сынған бампер фрагменттері алынды. Болжам бойынша, көліктің маркасы «ВАЗ-2107» болуы мүмкін.

«Қандай да бір мәлімет білетіндер болса, 102, 72 97 30 немесе 55 93 77 телефондарына хабарласа алады», — дейді тәртіп сақшылары.

Пікір қалдырыңыз