Ақтөбелік айтыскер ақын Аян Сейітов отау құрды

Ақтөбелік айтыскер ақын Аян Сейітов отау құрды

Халыққа сахнада сабырлы күйімен танымал айтыскер ақын, әнші, композитор Аян Сейітов шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өнердегі жолын айтыс өнерімен бастаған ол сазгерлік қырымен де танылды. Дүбірлеген думанды той Ақтөбе қаласында өткізілді. Қуанышын бөлісіп қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Төреғали Төрәлі, Еркін Нұржанов, Әбдіжаппар Әлқожа және тағы басқа да өнердегі достары келді.

Ақынның жүрегін жаулаған ғашығы болашақ дәрігер. Ақтөбе медициналық колледжінің 4 курсында оқитын Перизат есімді ару Аянның жерлесі. Арнайы қазақы дәстүрмен Перизаттың ұзатылу тойы Шалқар ауданындағы Біршоғыр елді мекенінде болған.

Қазіргі таңда Аян Сейітов Алматы қаласында тұрып жатыр.

Пікір қалдырыңыз