25 жастағы Асылхан Темірханов Ақтөбенің бірден екі мешітінде басшылық қызмет етпек

25 жастағы Асылхан Темірханов Ақтөбенің бірден екі мешітінде басшылық қызмет етпек

25 жастағы Асылхан Темірханов облыс имамының орынбасары әрі Жаңақоныс ауылының бас имамы қызметтерін қатар атқаратын болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жаңақоныс ауылына имамдық қызметке тағайындалды.

Облыс имамы Төлеби Оспан «Бақытжан» мешітінде Бас Мүфтидің бұйрығын оқыды. Бұйрық бойынша мешіттің бас имамы болып Асылхан Темірханов тағайындалды. Сөз арасында өкіл имам облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі бұрынғы наиб имамдық қызметі сақталатындығын мәлімдеді.

Наиб имамдық қызметімен қатар жаңа имам осы кезеңге дейін ҚМДБ Ақтөбе бойынша жастар ісі жөніндегі өкілі қызметін де атқарған болатын.

Асылхан Темірханов Орталық Қазақстан облысында 1991 жылы дүниеге келген. Арнайы діни білімді «Астана медресесі» колледжінде алып, кейін «Нұр Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінде жалғастырып жетілдірген.

 

Пікір қалдырыңыз