Ақтөбеде ер адам өгей баласына сексуалдық сипаттағы зорлық көрсетті

Ақтөбеде ер адам өгей баласына сексуалдық сипаттағы зорлық көрсетті

Қандыағаш қаласының 31 жастағы тұрғыны өгей баласына сексуалдық сипаттағы зорлық көрсетті. Оқиғаға баланың анасы куәгер болып, полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында қылмыстық оқиға тіркелді. 31 жастағы ер адам өзінің өгей ұлына сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен. 12 жастағы оқушы анасына айтуға ұялып, қорқып жүрген. Қазіргі кезде күдікті тергеу изоляторына қамалды. Баланың анасы аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазды.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы, яғни, 124-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс сот алды тергеу реестріне тіркелді. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз