Самат Смақов: «Ақтөбе» маған бөтен емес. Футболдағы жарқын сәттерім осы командада болды»

Самат Смақов: «Ақтөбе» маған бөтен емес. Футболдағы жарқын сәттерім осы командада болды»

Бүгін «Ақтөбе» ФК бас директоры болып тағайындалған Самат Смақов ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бұрынғы «Ақтөбе» ФК капитаны болған белгілі футболшы Самат Смақов Ақтөбе облысы әкімінің ұйғарымымен клубтың бас директоры болып тағайындалды. Арнайы ресми түрде таныстырылуы да өткізілді.

«Ақтөбе маған бөтен емес, ең жақын командам. Тіпті, футболдағы жарқын сәттерім осы командада болды. Барлығын қолымнан келгенше жасаймын. Мақсатым — команданы футболдан Қазақстан чемпионаты кезінде үздік қылу», — деді жаңа директор.

Сонымен қатар, команданың жаңа спорт директоры да тағайындалды.

«Облыс әкімі мені қызметке тағайындағаннан кейін клубтың жаңа спорт директоры бекітілген болатын. Ол менің өмірдегі әрі алаңдағы досым Ұлықбек Асанбаев», — деді Смақов.

Жеке құрам клуб әкімшілігінің ұйғарымымен 11 қаңтардан бастап жинақталады. Жаттығу Түркия елінде өтеді.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз