Ақтөбе қаласының әкімі өз туған күнінде дүниеге келген сәбилерді құттықтап қуанды

Ақтөбе қаласының әкімі өз туған күнінде дүниеге келген сәбилерді құттықтап қуанды

Қала басшысы Ілияс Испанов жаңажылдық түнде дүниеге келген сәбилер мен ата-аналарды қос қуанышымен құттықтады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өз туған күнімен тұспа-тұс келген қуаныш иелерін қала әкімі құттықтап, дүниеге сәби әкелген аналардың жағдайын сұрады. Сәбилерге «Үлкен азамат болсын» деп игі тілегін арнады. Арнайы жұмсақ ойыншық пен тәттілерді де тарту етуді ұмытпады.

Сөз арасында өзінің туған күні де жаңа жыл қарсаңында екенін айта кетті.

«1 қаңтарда менде дүниеге келгенмін. Баяғыда әкеміз жаңа жылды тойлап жүріп, менің туылғанымды ұмытып кетіп, соңынан келген екен», — деп күліп еске алды.

Жалпы мереке түні облыс бойынша 57 бала дүниеге келген. Ақтөбе қаласында 31 желтоқсаннан 1-ші қаңтарға қараған түні 17 нәресте туылған.

Пікір қалдырыңыз